Қазақстан – қарызға өмір сүріп жатыр

Саясат

Жариялаған: admin | Уақыты: 2024-12-11 11:35:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 121


Қазақстан – қарызға өмір сүріп жатыр

Парламент Мәжілісінің депутаты, белгілі тележурналист Мақсат Толықбай әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазба қалдырды.

"Биыл қанша қарыз алдық? Бюджет тапшылығын жабу үшін 3,6 трлн теңге қарыз алдық. Ұлттық қорға да қол салдық. Қордан биыл 5,6 трлн теңге, «Қазатомпром» арқылы 1 трлн теңге, келесі жылы тағы 5,3 трлн теңге алынады. Бұл шамамен 24 миллиард АҚШ долларына пара-пар. Жалпы сыртқы қарыз 166 млрд АҚШ долларынан асты" деген ол еліміздің шығыны көп, түсім аз екенін айта келе өз ойын былай деп қорытады:

  "Биыл бюджетке салықтан түсуі керек болған 3 триллион теңге түспеді. Бұл да дұрыс жоспардың жоқтығынан. Міндеттеме орындалмады. Бірақ оған ешкім жауап бермейді. Ешкім жауапқа тартылмайды. Үкіметке форс-мажор жағдайды ескеріп, мұнай бағасының динамикасына болжам жасап, ең болмаса, бір жылға жоспарлауды үйренуге болады ғой?! Кәсіби жоспарлаудың жоқтығы, әдемі цифрлар, жалған статистика түбі бізді құрдымға кетіреді. Қарыздың артында парыз бар. Түбі қайтарамыз. Алайда қалай қайтарамыз? Қысқаша айтқанда, тиімсіз жоспарлау бойынша жауапкершілікті күшейту керек.

Табысты көбейтуге шама жоқ болса, шығынды азайту қажет.

Осы уақытқа дейін мемлекеттік қолдау  ретінде зауыт-фабрика, ірі компаниялардың әрқайсысына жүздеген миллиард теңге берілді. Сол зауыттар қанша табыс тапты? Қанша өнім шығарды? Қанша салық төледі? Есебін сұрайтын кез келді ғой. Бірнеше рет сұрау салдық. Қаржы министрлігінен әлі жауап жоқ.

Жалпы, қаржы көздері жоқ емес бізде. Мәселен, екінші деңгейлі банктерде 50 трлн теңге жатыр. Олардың ешқайсысы өндіріс, зауыт-фабрика, шағын және орта бизнес сияқты экономиканың нақты секторын өздігінен қолдап, жеңілдікпен несие беруге құлықсыз. Халыққа жоғары пайызбен кредит беруге ғана әуес.

Кез келген мемлекетті дамытатын бизнес қана (өндіріс, зауыт, компаниялар)".

Пікір қалдырыңыз: