Жариялаған: admin | Уақыты: 2024-12-11 14:15:00 |
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 136
Мәссаған!
Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова жақында екінші перзентін босанған. Алайда осы жолы ол баласының жөргекпұлын ала алмай отырғанын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.
Бар мәселе «Электронды үкімет порталында» болып тұр екен. «Алты ай болды, бала туғанымды дәлелдей алмай келемін. Мен босанғанға дейінгі төлемді, бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақыны, баламның ай сайынғы жәрдемақысын әлі алған жоқпын. Заң бойынша басқа аналар сияқты ол төлемдерді мен де алуым керек. Бірақ мені бір-біріне сілтеп, әуре-сарсаңға салып отырғандар бар. 1414 нөміріне хабарласа алмадым. Egov.kz болса, «сіз құжат тапсырдыңыз, күтіңіз» дейді. Менің жеке кәсіпкерлігім бар. Салықтың бәрін уақытылы төлеп отырмын», – дейді әнші.
Оның айтуынша, «жәрдемақыға қарап қалған күні жоқ», алайда «мен осылай мемлекеттен берілуі керек ақшадан қағылып отырғанда көпбалалы, заңдылықты біле бермейтін аналардың күні қалай екен деген алаңдаушылық бар» деген ол «қолымды бір сілтейін десем, салықтың біреуін қалдырмай төлеймін. «Үйде бала тауып отыр ғой» деп ешкім менің жағдайымды ойлап жатқан жоқ. Мұндай жағдайда не істеу керек?! Мен бұл жағдайды осылай жария қыламын деп ойлаған жоқпын. Бірақ онсыз да жұқарып отырған жүйкені жұқартты. Қағазбастылық деген біздің елде басым, 1000 анықтама талап етті. Бухгалтер екеуміз тапсыр деген қағаздарын тапсырдық. Халыққа қызмет көрсету орталығына бардық. Бірақ үсті-үстіне саған қысым жасайды. Бұл не сұмдық?! Менің күнім ол ақшаға қарамай-ақ қойсын, қарапайым халық не істейді? Өзіне тиесілі ақшасын алу үшін сәбиін қолына ұстап, мекеме аралап жүре ме?», – деп ашынған.