Әуежайда әзілдескен төртеу...

Құқық

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-01-01 10:15:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 57


Әуежайда әзілдескен төртеу...

17 миллион төлеп жүрмеңіз

 Шымкенттегі әуежайда әзілдесемін дегендер заң алдында жауап берді. Қалай дейсіз бе? Солай. Әуежайда әзілдеп те айтуға болмайтын сөздер бар. Олар соны айтып қойған ғой. Ал ол үшін заңды жаза қарастырылған. Айтуға болмайтын қандай сөз? Біле жүріңіз, кез келген әуежайда «Бомба», «теракт», «қару» деген сөздерді айтуға болмайды. Сыбырлап та. Бәрін естуші құрылғы бар. Бұл ғана емес, адамға, әуежайға қауіп төндіретін басқа да сөздер бар. Оларды айтуға тиым салынған. Соған қарамастан Шымкентте былтыр бір жылда 4 адам әлгі сөздерді абайсызда қолданғаны жазаланды. Сот алдында жауап берген.

–Соңғы уақытта әсіресе, багажда қауіпті заттар мен қару бар екені туралы жалған мәлімдемелер айту жағдайлары жиілеп кетті. Мұндай сөздерді тіпті әзілдеп те айтуға болмайтынын ескертеміз, дейді Шымкент стансасындағы желілік полиция бөлімінің бірінші орынбасары Алтай Орманов.

Базбір жолаушылар жүгін өткізіп жатып, әуежай қызметкерлеріне өз сөмкелеріндегі заттарды «қару» немесе «жарылғыш зат» деп әзілдеп айтатын көрінеді. Небір қылжақпастар барына йтқан мамандар «тексеріс ештеңе таппаса да, заң әрдайым қауіпсіздік жағында болады. Сондықтан шара көруге міндеттіміз» дейді.

Ал, жоғарыда айтылған сөздерді әуежайда қолдануға болмайтыны туралы тіпті білмейтін, тәртіптен хабарсыз жолаушылар да жоқ емес. Олар айыппұл салғанда ғана таң қалып жатады.
Таң қалу демекші, тиым салынға бір сөз үшін қанша теңге төлейтініңзді білесіз бе?

Бір сөз үшін 17 миллион теңге айыппұл салынады. Ия, «Бұл ақылға қонымсыз. Бір сөзге бола ма? Айыппұлдың мөлшері тым жоғары» дейтіндер көп. Таң қалатын адам сіз ғана емессіз. Десе де қауіпсіздік үшін, адамдардың өмірі үшін заң талабы осылай қатаң болмаса болмайтын сияқты. Тиым салған сөздерді айтқаны үшін 17 миллион теңгеге дейінгі айыппұлмен де шектелмейді. Ол үшін тіпті 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да бар. Есіңізде болсын!

Пікір қалдырыңыз: