Руханият марафоны өтті

Дін мен дәстүр

Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-01-27 14:55:00 |

Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 211


Руханият марафоны өтті

Шымкент қаласы А.Асқаров атындағы дендросаябақта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толу мерейтойына орай «Руханият марафон – 2025» спорттық шарасы ұйымдастырылды. Оған қала аумағындағы мешіттердің барша жамағаты қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлестерін қосты.

 Шымкент орталық мешітінің наиб имамы Мұхамеджан Естеміров жарыстың салатантты жиынын ашып, жүргізді. Жарыс талабына сәйкес 5 км жүгірушілерге жарысты бастау және ережелерін түсіндіру үшін қалалық Спорт басқармасының арнайы мамандары төрелік етті.     

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұран айтумен басталған игі шараның ашылу салтанатында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сәлемін жеткізу үшін Бас мүфти кеңесшісі және Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков сөйледі. Мүфтияттың 35 жылдық мерейтойына орай тұңғыш өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталған ол қатысушыларға жеңіс пен табыс тіледі. Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Әлтайұлы да жарысқа қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі.

 Жарысқа дін өкілдері мен қатар қала тұрғындары да қатысып, жалпы 296 үміткер жарыс жолағына шықты.

Нәтижесінде жүлделі І- орын Медербек Жарасқа бұйырды.      

ІІ орынға Нұрсұлтан Нақытбековке, ІІІ орынға Сүндетхан Сейфулла ие болды. Ал Әмірбек Бегетай және Бекжан Смайлов, Алишер Ақатовтар ынталандыру сыйлықтарымен наградталды. Барлық жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен алғыс хат табысталды.

Жарыс соңында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы барша қатысушыларға алғыс айтып, ризалық білдірді.

 

Пікір қалдырыңыз: