Жариялаған: admin | Уақыты: 2025-01-24 11:15:00 |
Бөлісу: Facebook | Whatsapp | Қаралым саны: 208
Деген еді...
Мекемтас Мырзахметұлына хабарласып бір сұрақ қойдым. Сұрағыма тиянақты жауап алған соң, қосымша айтқаны: «Баукең маған диктовкі жасайды. Кейде түнгі бір-екіде оянып ап, мені шақырып: «Жаз», - дейді. Мен жазамын. Жазып болған соң тексеріп, қолын қойып, числосын жазады. Сол диктовкілер көбейіп кетті. Бір күні: «Бұның бəрін не қыламыз?», - дедім. Баукең: «Ей, сен мен өлген соң қарап жүрмейсің, оттайсың. Саған адамдар сенбейді. Сол кезде вот тебе документ», - деді. Расында, сол диктовкілер қазір теңдессіз құжат боп тұр. Соларды кітап қып шығаруым керек. Екі том кітап болады. Құтылуым керек».
Маған ақсақалдың «Құтылуым керек» дегені қатты əсер етті. Жасы тоқсаннан асқан қарттың аманат жүгін сезінуі қандай ғибратты, өнегелі! Мекемтас ақсақалдың бірде айтқан мына əңгімесі есіме түсті: «Баукеңнің 30 томдық жинағы жарыққа шыққан соң маған: «Гонорарды сізге аударамыз» деп хабарласты. Мен: «Жоқ, мен алмаймын» деп бас тарттым. Оны Бақытжан Момышұлына аударасыңдар» дедім. Мен: «Аға, неге алмадыңыз?» деп едім, Мекемтас ағамыз: «Баукең ғылыми, әдеби мұраларын маған аманат қып, табыстап кетті. Мен аманатты орындадым. Аманатты орындағаным үшін ақша алсам, қарабет боламын ғой» деп жауап берді...
Абай Қалшабек,
ақын, аудармашы.