Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан

Павлодар облысында жер сілкінді

Павлодар облысында жер сілкінісі тіркеліп, тұрғындар жер асты дүмпулерін сезінді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 26 мамырда Астана уақытымен 11:28-де сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеген. Эпицентр Павлодар облысы аумағында, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы маңында орналасқан.

Министрліктің дерегінше, жер сілкінісінің сезілу күші MSK-64 шкаласы бойынша 2 баллды құраған.

Дегенмен әлеуметтік желілерде тұрғындар дүмпулердің айтарлықтай сезілгенін айтып, үйлерде жиһаздардың қозғалғанын, ыдыстардың құлағанын жазды.

Жапонияда жер сілкінді: Дүмпулер қайталануы мүмкін

Қазір ресми органдар жағдайды нақтылап жатқанын жеткізді. Сондай-ақ жағдайды үйлестіру және бақылау мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы департаменті базасында жедел штаб құрылған.

Еске сала кетейік, 3 мамырда сағат 09:50-де Каспий теңізінде жер сілкінген болатын.

Жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар