Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан

Ветеринариялық пункттер бой көтеруде

Түркістан облысының қиыр оңтүстігінде, көрші Өзбекстан елімен шектесіп жатқан Мақтаарал – аграрлы аудан. Өңір негізінен мақта өсірумен айналысады. Мұнда өнеркәсіп те өркендеп келеді. Далалы аудан ретінде мал шаруашылығын дамытуға да көп көңіл бөлінеді.

Негізі мал шаруашылығын аталған аудан халқының негізгі күнкөріс көздерінің бірі десек болады. Алайда кейбір елді мекендерде ветеринариялық қызмет көрсетуге тиісті инфрақұрылым жоқ еді.

Ал мал шаруашылығын сапалы ветеринариялық қызметсіз көзге елестету мүмкін емес. Ол үшін ауылдық жерлердегі бұл маңызды әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту қажет. Осы орайда облыстық ветеринария басқармасының бастамасымен ауданда бірнеше ветеринариялық пункттің құрылысы қолға алынған болатын.

Бүгінде ауданның Мақтаарал, Жаңажол, Достық, Бірлік, Еңбекші, Ж.Нұрлыбаев, А.Қалыбеков ауылдық округтерінде жаңа нысандардың құрылысы қызу жүріп жатыр. Құрылысты «BATSU» компаниясы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде қолға алған. Компания бұл жұмыстарды өз қаражаты есебінен жүзеге асыруда. Нысандар құрылысы толық біткен соң мемлекет теңгеріміне сатып алынатын болады.

Заманауи талаптарға сай жобаланған пункт ғимараттарында қажеттінің бәрі де болады. Жұмыс бөлмелері кең, жарық. Әр нысанның өзінің  дәрілік заттарды сақтауға арналған қоймасы болады. Пункт меңгерушісінің жеке бөлмесі, мамандардың жұмыс кабинеттері бар. Заманауи жабдықталған санитарлық торап, жуынатын бөлмелер жұмыс істейді. Қызметкерлердің тынығуы үшін арнайы демалыс бөлмесі де қарастырылған.

Ветеринариялық пункттерде ауыл тұрғындарының малын тиісті өңдеуден өткізуге қажетті барлық жағдай жасалған. Малды тоғытуға арналған бассейндер бар. Сырғалау, вакцинациялау және тіркеу жұмыстары қауіпсіз болуы үшін қозғалтпай бекіту құрылғылары орнатылады. Мамандардың жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, көрсетілетін қызметтің сапасы мен тиімділігін арттыруға септіші тиетін жағдайдың бәрі жасалған.

Жаңа нысандардың іске қосылуы ауыл тұрғындары үшін көп жағынан пайдалы болмақ. Сапалы ветеринариялық қызметтің қолжетімді болуы жануарлар арасында жұқпалы аурулардың алдын алуға, профилактикалық іс-шараларды уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді. Оның сондай-ақ мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жалпы эпизоотиялық тұрақтылықты сақтауға оң ықпал етері сөзсіз. Төрт түлік сау болады, жақсы, сапалы өнім беретін болады.

Жаңа ветеринариялық пункттердің іске қосылатын күндері де алыс емес. Болашақта олар ауыл тұрғындарына көрсетілетін ветеринариялық қызметтің сапасын арттырып, төрт түліктің саулығын қамтамасыз етуге молынан үлес қосатын болады.

 

Жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар