Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан

Каналдардың күйі тексерілді

Бүгінде су ресурстарын тиімді пайдалану – күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Бұған қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі айтып келеді. Президент суды тиімді пайдалану бойынша тиісті тапсырмалар да берген. Сондықтан да еліміз аумақтарында бұған қатысты шаралар рет-ретімен іске асырылып келеді.

Су мәселесі — еліміздің оңтүстігінде, далалы аймақта орналасқан Мақтаарал ауданы үшін де өзекті мәселе. Өйткені мұнда суармалы егіншілік өркендеген, су аса қажет. Ал соңғы кездері  су азайып келеді., ертеректе, өңірді игеру кезінде қазылған каналдардың ескіргені де бар. Оның үстіне ауданның негізгі су көзі – «Достық» каналы Өзбекстан арқылы өтеді, кейде су маусымдық тұтынуға жетіңкіремей де жатады. Ондаған каналдардың кейбіріндегі ақаулардың су шығынын туындататыны тағы бар. Ал қыстан бастап, ала жаздай еңбек ететін шаруалар ойдағыдай өнім алуы керек, шығынын өтеп, табыс табуы қажет. Өнімнің жайы облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалына да тікелей әсер етеді. Сондықтан да су ресурстарын тиімді пайдалану бұл өңір үшін аса өзекті. Сол себепті де егістікке нәр беретін каналдарды механикалық тазалау, жаңа технологиялар ендіру сияқты шараларды уақыт өткізбей қолға алған абзал.

Осы орайда ауданда егістіктерді сумен тұрақты қамтамасыз ету, каналдардың жағдайын тексеру, ақауларды жөндеу бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Таяуда жүргізілген зерделеу жұмыстары да осы мақсатқа – су өткізу мәселесінде кемшілік бар, үнемі бақылап отыруды қажет ететін каналдарды анықтауға арналды. Бұл жұмыстарды жүргізуге аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Баязит Әлімқұл, «Қазсушар» Түркістан филиалы Мақтаарал өндірістік бөлімшесінің басшысы Тоқберген Мейірбек басшылық етті. «Мақтаарал ауданы – суармалы егіншілік кеңінен дамыған өңірлердің бірі. Сондықтан каналдар мен гидротехникалық нысандардың үздіксіз жұмыс істеуі ауданның ауыл шаруашылығы саласы үшін аса маңызды. Осыған байланысты суару инфрақұрылымының жағдайын бақылау жұмыстары маусым барысында тұрақты түрде жүргізіліп отыруы керек», — деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары.

Жұмыс барысында «К-15», «К-16Б», «К-18», «К-19», «К-20» каналдарына мониторинг жасалды, олардың жағдайы, су өткізу мүмкіндігі, ағысқа әсер ететін факторлар, судың алқаптарға уақтылы әрі қажетті деңгейде жетуіне ықпал ететін жайлар зерделенді. Тексеру барысында суару кезеңінде су тапшылығына жол бермеу, су өткізу жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, шаруалардың қажеттілігіне сәйкес су жеткізудің тұрақтылығын сақтау сияқты бірқатар мәселелер назарға алынды. Анықталған кемшіліктер мен проблемалық аумақтар бойынша жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді. Әрбір канал бойынша нақты жұмыстарды ұйымдастыру, ақауларды жою және су өткізу қабілетін қалыпқа келтірудің тиімді жолдары талқыланды.

Қысқасы, каналдардың жай-күйі, су өткізу қабілеті мұқият қадағалауда болуы тиіс. Суару жүйелерін күтіп ұстау керек, туындаған проблемалар дер кезінде шешімін тауып отыруы қажет. Суару кезеңі іркіліссіз, ысырапсыз өтсе, сумен тұрақты қамтамасыз етілген егістікте бәрі ойдағыдай болады, соған сай өнім алынады. Бұл – өнім өндірушілер үшін ауадай қажет нәрсе, сондықтан бұған аса мұқият, ұқыпты болу керек, жоғары жауапкершілікті жоғалтпау керек.

Мониторинг барысында оған қатысушыларға осы жайлар егжей-тегжейлі түсіндірілді, тиісті тапсырмалар берілді, олардың орындалуы қадағалауға алынды. Бүгінде проблема анықталған аумақтар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

О. ТҰРАР.

Жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар