Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан

Түркістанда ламинат зауыты бар

Түркістанда ламинат өндіру зауытының ашылу салтанаты өтті. Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров,  «Qaz Natural Laminat» ЖШС директоры Луо Ионг, қалалық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішев, басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері мен зауыт ұжымы қатысты.

Жиын барысында зауыттың лентасы қиылды. Өңір басшысы мен «Qaz Natural Laminat» ЖШС директоры жобаның экономикалық маңызын, зауыттың өндірістік мүмкіндіктерін айтып өтті.  Қатысушыларға жаңа кәсіпорын жан-жақты таныстырылып, өндірілетін заттардың үлгілері көрсетілді.

Бүгінде зауыт пен әкімшілік-тұрмыстық ғимараттың құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Өндірістік жағынан толықтай жабдықталған. Қазіргі күндері кәсіпорын аумағында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл кәсіпорын қаладағы «Тұран» арнайы экономикалық аймағында бой көтерген. Аумағы — 3 гектар. Жобаның жалпы құны – 5 миллиард теңге.

Зауыт толық іске қосылғанда 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады.

Кәсіпорын жылына 840 мың шаршы метр ламинат өндіреді. Зауыттың Түркістан облысының өндірістік әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосары сөзсіз. Ол сондай-ақ өңірдің бұл өнім бойынша импортқа тәуелділігін де біршама төмендететін болады.

Жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар