Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан

Жасай бер, жайнай бер, Астана!

Тәуелсіз Қазақстан астанасы – Астана қаласы өзінің кезекті мерейтойын атап өтті. XIX ғасырдан бері өмір сүріп келе жатқан қала сонау 1997 жылы ел астанасы болып жарияланғаны мәлім. Арада бір жыл өткенде оған қазіргі атауы берілген болатын. Оған дейін Ақмола, Целиноград, қайтадан Ақмола деп аталып келді. Кейін Н.Назарбаевтың есімімен Нұрсұлтан деп аталды, 2022 жылы қалаға Астана атауы қайтарылды.

Астана қаласының мәртебесін арттырып, танымал ету жолында көптеген істер атқарылды. Жұртшылықтың оған деген ықыласы артты. Соның бір белгісі – біраз азаматтар өздерінің өмірге келген перзенттеріне Астана деген есім берген. Бүгінде Қазақстанда Астана атты 16 азамат тұрып жатыр екен.

Қазіргі Астана – жан-жақты дамып келе жатқан ірі қала, еліміздің маңызды экономикалық орталығы. Халқының саны жөнінен елімізде Алматыдан кейінгі екінші орынды алады, онда қазір 1 миллион 675 мыңдай адам тұрып жатыр. Ресми жарияланған деректерге қарағанда, әйелдер саны еркектерден 90 мыңнан аса артық.

Елорда құрылыс компанияларының саны бойынша елімізде бірінші орында тұр. Қалада шағын және орта кәсіпкерлік нысандары көп. Мәдени нысандар мен мейманханалар баршылық, 24 саябақ жұмыс істейді. Қалаға шетелдік туристер көп келеді.

Астана мерейтойы аталып өткен күні еліміз бойынша 223 ұл мен 225 қыз бала – барлығы 448 сәби өмірге келген. Олардың қатарында Елорданың өзінде туған қос егіздер бар. Әрине, өмірге келген нәрестелердің ең көбі халық саны жөнінен елімізде бірінші орында тұрған Түркістан облысына тиесілі. Одан кейінгі орындарда Алматы, Шымкент қалалары және Алматы облысы тұр. Түркістан облысында — 67, Алматы қаласында — 44 және Шымкент қаласы мен Алматы облысының әрқайсысында 40 баладан жарық дүние есігін ашып отыр.

Жасай бер, жайнай бер, Астана!

 

Жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар