Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан

Жоғалғандар табылды

Осыдан бірер күн бұрын Түркістан облысының тұрғыны төрт баласымен бірге жоғалып кеткені туралы хабарланған еді. Бұл жөнінде журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде мәлім еткен болатын.

Polisia.kz аталған адамдардың аман-есен табылғанын хабарлап отыр. Бұл жөнінде  BAQ.KZ жариялады.

Жоғалғандар – Отырар ауданының тұрғындары. Бұған қатысты үй иесі полицияға хабарлаған. Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары барысында жоғалғандар аман табылған. Мәселе отбасылық келіспеушілікке байланысты туындаған екен. Кикілжің салдарынан әйел балаларын ертіп Шымкент қаласына кетіп қалған. Олар қалада жалдамалы пәтерде тұрып келіпті.

Қысқасы, жұртты елеңдеткен бұл оқиғаға нүкте қойылды. Тиісті түсініктеме жұмыстары жүргізілгеннен кейін отбасы мүшелері өзара татуласып, үйлеріне оралған.

Жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар