Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан

Жиында жер қатынастары да талқыланды

Жер қатынастарының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында алар орны ерекше. Өйткені ол экономикалық әлеуетке тікелей әсер ететін негізгі байлық, стратегиялық ресурс. Ауыл шаруашылығын өркендетуге мүмкіндік береді. Сондықтан оны ұтымды пайдалана білу керек. Ал жер қатынастарын реттеуде жергілікті билік орындары әрқашанда мұқият болуы тиіс.

Мақтаарал ауданында өткен кезекті аппараттық мәжілісте күн тәртібіне қойылған мәселенің бірі  де осы жер қатынастарының жайы болды. Аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен өткен жиынға әкім орынбасарлары, аппарат басшысы, аумақтық мекеме жетекшілері, дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Аппараттық мәжілісте аудан аумағындағы пайдаланылмай жатқан коммерциялық, өндірістік, ауыл шаруашылығы, жайылымдық және өзге де мақсаттағы жер телімдерінің жай-күйі мен оларды тиімді пайдалану шаралары сөз болды. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Өсер Мырзамдамов пен сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ербол Тұрғанбаев баяндама жасады.

Бүгінде Мақтаарал ауданында жалпы аумағы 130 гектарды құрайтын игерілмей жатқан 40 жер телімі анықталған. Иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін 13 жер телімінің иесі өз аумағын игеруге кіріскен. Бұл телімдердің жалпы көлемі 40 гектарды құрайды.

Сонымен қатар, 59 гектар жер телімі иесінің қайтыс болуына байланысты иесіз мүлік ретінде рәсімдеу жұмыстарына бағытталған. Нақты игерілмей жатқан 30 гектар аумақ бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін облыстық жер ресурстары басқармасына хат жолданған.

Аппараттық мәжіліс барысында аудан әкімі Бақыт Асанов жауапты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне көтерілген мәселелер бойынша жұмысты күшейтіп, белгіленген тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.

Жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар