Үздік тәрбиешілер

Түркістан қаласында «Тәрбие ісінің үздіктері» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлер және сынып жетекшілер арасында облыстық байқау өтті. Оған Мақтарал ауданындағы О. Бапышев атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің сынып жетекшісі Шепетова Мейрамкүл қатысып, жүлделі І орын алды. ІІІ орын да мақтааралдық А. Пушкин атындағы №3 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зарипова Айгүлге тиесілі болды.

Ал, «Ізденімпаз тәрбие орынбасары» номинациясын М. Өтемісұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алайдарова Индира Естуреевна алды.

Мақтаарал ауданы білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Кошкаров жүлдегерлерді жеңісімен арнайы құттықтап, марапаттады. Бала тәрбиелеу ісіне шығармашылық табыстар тіледі.