Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ КЕРЕК — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ КЕРЕК

Ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстанда 1 мыңға жуық жекеменшік мектеп бар екен. 2023 жылы елде 7842 мектептің 735-і, яғни 10 пайызы жекеменшік болған. Өткен жылдың өзінде 114 жекеменшік мектепке лицензия берілгенін ескерсек, одан бері де бұл сан көбеймесе төмендемегені анық.

Әрине жекеменшік мектеп көптеп ашылса, бәсекелесік күшейеді. Десек те жекеменшік мектеп ашудың өзіндік ережесін қабылдау керек секілді. Бәлкім заңға өзгеріс енгізу де қажет болар. Қалай болғанда да, жекеменшік мектептің мақсаты — табыс көзін ғана болмауы тиіс.

Бүгінде жаңадан ашылған жекеменшік мектептер білім бөліміне толық бағынышты емес. Яғни директорды құрылтайшының өзі таңдайды. Жұмысқа қабылдауда да мемлекеттік мектепке қабылдау кезіндегі талаптар сақталмайды. Тіпті қызметкерлерді жұмыстан шығару да оңай. Басшыға ұнамаса келісім шартты тоқтата салады. Мұғалімнің еңбегі мен біліктілігі ескерілмейді. Ал директор расымен де сол қызметке лайық па, бұл жағы да ойланарлық мәселе.

Кейбір аудандарда қатар тұрған екі мектептің жанынан тағы бір жекеменшік мектеп аша салады. Сөйтіп жоқ жерден оқушыға талас басталады. Балалардың ата-анасына бір қап ұн мен сұйық май апарып беріп, оқушыны өз мектебіне тарту секілді келеңсіз әрекеттер көрініс беруде. Бұл баланы да саудаға салу емес пе? Шын мәнінде мектеп жетіспеушілігі бар елдімекендер көп. Сондай жерге барудың орнына барлығы халқы тығыз орналасқан орталыққа құмар. Өйткені, халық тығыз жерде бизнес жылдам өркендейді.

Мектеп бизнесінде ауыл, аудан әкімдері мен жер бөлімінің басшыларына да көп нәрсе байланысты. Мердігер мектеп салу үшін бірінші жер сұрайтыны белгілі. Әкімдер осы кезде заң талаптарының орындалуын талап етуге мүмкіндігі болады. Қай жерге мектепке мұқтаждық бар екенін анықтаулары керек. Содан соң мектеп дайын болғанда оған атау беру мен басшы тағайындауда құзырет білім бөліміне берілмесе, сапа жоғалатынын түсіну қиын емес. Ендеше, жекеменшік мектептерге мемлекет тарапынан бақылауды күшейтпесе болмайды.

Н.БЕКМҰРАТОВА.