МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы Мақтаарал ауданында белсенді жалғасуда.

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Осыған орай ауданға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округте сенбілік жұмыстары жоспарға сай тұрақты жүргізіліп келеді.

Өткен сенбі күні Жамбыл ауылдық округінде өткен сенбілікте округ әкімдігі, ауыл билері мен ардагерлері, әжелер алқасы ұйытқы болып, тазалық шарасына 150-ге жуық ауыл тұрғындары қатысты.

Тазалық жұмыстары барысында 12 тонна күл-қоқыс шығарылып, арық-атыздардың бойы, ауыл ішілік көшелер, аяқжолдар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандар күл-қоқыстан арылды. Сонымен қатар, ағаштар ақталып, аялдамаларға әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді.

Тұрақты әдетке айналған тазалық шарасына белсенді жастар мен еріктілер де атсалысты.