Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов бастаған аудан әкімдігінің ұжымы тікелей эфирден тамашалады.
Мақтаарал ауданында Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар мұндай жиындар назардан тыс қалмаған. Бұл жолы да мақтааралдықтар Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тың бастамаларды зор ықыласпен қабылдады. Әсіресе, ақша-несие, салық саясатына қатысты, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту, агроөнеркәсіп кешендеріне инвестиция тарту, инфрақұрылымды, көлік-логистика секторын дамыту, ирригациялық жүйелер мен су шаруашылығы мәселелерімен мұқият айналысу, кадрлық әлеуетті арттыру, ұлт саулығын нығайту, экологиялық ахуалды жақсарту, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру, қоғамда заң және тәртіп идеологиясын орнату сияқты Мемлекет басшысы көтерген мәселелер мен бастамалар ауданымыздың дамуына тың серпін беретіні сөзссіз.
Айта кетейік, Президенттің Жолдауын Мақтаарал ауданының дербес бөлімдері, кенттер мен ауылдық округ әкімі аппаратының ұжымдары және басқа да мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік мекемелердің ұжымдары жұмыс орындарында тамашалап, өзара пікірлер алмасты.