Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
ӨЗБЕКСТАННЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

ӨЗБЕКСТАННЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов ауданның шаруа қожалық басышалыр және жеке кәсіпкерлерімен бірлескен инвестиция тарту мәселесіне арналған жиын өткізді. Мақсат шаруалардың еңбегі өтелетіндей тәжірибені қолдану, инвестжобаларды жүзеге асыруда жаңашылдықтан қорықпау.

Ауданда агроөнеркәсіп кешенін дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне жіті назар аударылып келеді. Сонымен қатар, облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы ауданға жасаған іс-сапары барысында өңірлерге инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру бойынша аймақ басшыларына тапсырма берген болатын.

Облыс басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында биыл 28-30 тамыз күндері аудан әкімі Б.Насырханұлы бастаған аудандағы жеке кәсікперлер және аудандық маслихат депутаттарынан құралған делегация Өзбекстан мемлекетінің Наманган, Андижон, Ферғана облыстарында болып, ондағы шаруалардың ісін байқап, тиімді тәжіріибесімен танысып  қайтқан болатын.

Іс-сапар барысында бір қатар кәсіпорындардың жұмыстарымен танысып, біргелікте жұмыстар атқару бойынша келіссөздер де жүргізілді. Осыған орай, ауданымыздағы шаруа қожалық басшылары және кәсіпкерлерімен кеңесу және алдағы уақытта атқарылатын инвестициялық жобаларды талқылау, мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді түсіндіру мақсатында ауқымды жиналыс өткізілді.

Жиын барысында аудан әкімі Бақыт Асанов көрші мемлекеттің тәжірибесін ала отырып, өзіміздің өңірде, жеңіл өнеркәсіп саласын, аяқ киім тігу, жихаздар құрастыру және қатты қалдықтарды қайта өңдеу саласында жұмыстар атқаруымыз қажеттігін айтты. Сондай-ақ, жиын барысында іс-сапармен барып қайтқан кәсіпкерлер және маслихат депутатары да өз ойларын жеткізді.

Халықтың сұранысына сәйкес, алдағы уақытта инвестициялық жобаларды көбейту мақсатында әрбір ауылдық округі аумағында түрлі кәсіппен айналысатын жеке кәсіпкерлерді жинап қажетті мамандардың қатысуымен жиі жиындар ұйымдастыру қажеттігі сөз болды.