Түркістан: Мектептерге 9 млн айыппұл салынды

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 58 мемлекеттік мектепке біліктілік талаптарға сәйкестігіне жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша лицензиялау нормалары бұзылғандығын анықталынды:

  • 400-ден астам педагог біліктілігін арттырмаған;
  • жұмыс оқу жоспары сәйкес емес;
  • медициналық кабинеттер лицензияланбаған;
  • асхана санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз қызмет атқарған;
  • өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін акт/хат жоқ;
  • физика, химия, биология кабинеттері жоқ;
  • kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атауы жоқ;
  • ауыз су бұрқақтары қарастырылмаған;
  • «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесіне (НОБД) сәйкес емес;
  • ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жағдай жасалмаған және т.б.

Осы орайда, департамент мектептердің білім беру қызметімен айналысатын лицензиясын уақытша тоқтатты және 9 миллионнан астам айыппұл салды. Мектеп басшыларына бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді.

Мектеп басшылары!

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), лицензиялау нормаларын бұзушылықтарды жойылмаған жағдайда мектеп лицензиядан айырылатындығы назарларыңызға жеткізіледі.

Мектепке қойылатын біліктілік талаптар министрліктің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген.

Ұ. ТӘМЕНОВ.