Бала тәрбиесі – баршаның ісі

Тәрбиенің кілті – отбасында,өмір-тіршілігіне тікелей байланысты.Отбасы-адам баласының өсіп-өнетін, қаз тұрып, қанат қағатын ұясы,отаншылдық рухтың алтын белгісі. Отбасы – бала тұлғасының әлеуметтенуінің алғашқы институты да болып табылады. Қазақ халқы баланы жастан,жастан емес-ау бесіктен,тіпті ана құрсағында бастап тәрбиелеу керек деп өсиет қалдырған.

Кезінде Бауыржан Момышұлына: «Осы сіз неден қорқасыз?» – дегенде батыр: «Жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ едім,енді қорқынышым көбейіп жүр. Біріншіден, бесікке бөлемеген,бесігі жоқ елден қорқам; екіншіден,немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқамын; үшіншіден, дәмді, дәстүрді сыйламайтын ұрпақ өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсең, кімді болса да шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан бала жоқ,үйретіп жатқан әже, ата жоқ» деп қасірет болар қаупін бүгіп қала алмапты. Айтса айтқандай,ана әлдиіне бөленіп,әже ертегісіне құлағын түріп өскен баланың қашан да тілі жатық, ойы анық,ұлттық рухы қашанда биік болады.

Ұлы ұстаз Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білі емес,рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы.Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген пікірі бар. Өсер ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беріп,оларды саналы азамат етіп қалыптастыру өз қолымызда екенін ұмытпағанымыз абзал.Ең бастысы,бала тарбиесіне аса көңіл бөлу керек.Оған жауапты ұзақтан іздемей-ақ,олардың өсіп тәрбиеленіп жатқан отбасыларының арасындағы өзгешелікті алсақ болады.Ал кейбір оқушыларымыз арасында үлкенге де,мұғалімге де сәлем бермей өтіп кететіндері табылады.Біз бірінші тәрбиені, әдептілікті балаға отбасында үйретуіміз керек.Отбасында дұрыс тәрбие алған баланың рухы жоғары,жаны таза, жолдастарының арасында абыройы күшті болады.

А.С.Макаренко ата-аналарға арналған кітабында «Бала тәрбиесінде сіздің іс-қимылыңыздың  өзі шешуші рөль атқарады. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету,  бұйыру арқылы асырамын деп ойламыңыз.Тәрбие өмірдің әр сәтінде, тіпті сіз үйде болмаған кезде де іске асады.Тәрбие сіздің қалай киінетіңіз, өзгелермен қалай сөйлесетіңіз, олар туралы не ойлайтыныңыз, сіздің дұшпандарыңызбен қалай қарым-қатынас жасайтыныңыз,қалай күлгеніңіз, қалай газет оқығаныңыз, өзі іс-әрекеттеріңіздің бәрі де балаңыз үшін маңызды. Ең бастысы, бала тәрбиесіне аса көңіл бөлу керек. Ибалы ұл,инабатты қыз тәрбиелеу адам баласының басты парызы болмақ. Шаңырақта жақсы аналар болса жақсы қыздар өсіп шығады. Жақсы әкелер болса, әдепті ұлдарымыз өсіп жетілейді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген дана сөз бекерге айтылмаған. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді. Ол ата-ананы, өмірдің тірегі санайды.

Серперова Лесай Ерсінқызы,

«Ш.Бектасов атындағы №38 мектептің тәлімгері Мақтаарал ауданы.