Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-locale.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-theme-json-resolver.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/category.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-walker-comment.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/comment-template.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/kses.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-scripts.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-term-query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-tax-query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-widget.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/rest-api/class-wp-rest-request.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-revisions-controller.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-plugins-controller.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-pattern-directory-controller.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-block-parser.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/blocks/navigation-link.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/block-editor.php on line 1
Қазақ карикатура керуені – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

Қазақ карикатура керуені

Қазақстан бейнелеу өнерінің дамуы барысында графика өнері маңызды орын алады. 1930-шы жылдары пайда болған кескіндеме мектебі ізденістерінің бағыты мен сипатын көпшілікке дейін анықтап берген кескіндемешілер ұжымы қалыптасты. Суретші карикатуршылардың осындай карикатуралық жұмыстары бір-бірінен тек ерекше көркемдік сипаты және сапасымен ғана ерекшеленбейді, олар сол кезді бейнелейтін құжат ретінде ұсынылды.

Қазақ карикатурасы негізінен 1930-1940 жылдары Ә.Ысмайылов, И.Савельев, Б.Чекалин, А.Ғалиев, Қ.Қожықовтардың ықпалымен қалыптасты. Ал аталған карикатурашыларға Батыс пен Ресей суретшілерінің шығармашылықтары әсер етті. Аталған жылдарда суретшілер Кеңес Одағына арналған саяси сатиралық астарлы карикатураларды біртіндеп сыза бастаған болатын. Кариктаурадан бөлек шарждарды да көптеп сала бастады. Шарж яғни, достық әзілді суретшілер өз заманының ірі қайталанбас тұлғаларына арнады. Әрбір тұлғаға деген ерекше ықыластың болғандығын шарждардың қайталанбас психологиялық жай-күйі сездіреді. Қазақ карикатура-суретшілерінің барлық дерлігінің негізгі шығармашылық жолы графика саласына арналды.

Сурет және кескіндемелік әдістермен тығыз байланыстағы графикалық, карикатуралық туындылардың бірегей авторы Қазақстандағы бірінші суретші графиктер қатарына енетін Әубәкір Ысмайлыв еңбегі әрқашанда образдық міндеттерден бастау алады. Пішін мәселесі әрқашанда бейнелеушінің мәніне бағындырылған. Суреткер графиканың карикатура жанрымен ғана емес плакат жанрында жұмыс істеуге талпынған жан. Өз заманында өзгелерден ілгері басқан Ә.Ысмайыловтың карикатуралық жұмыстары: «Халық байлығын талан-таражға салу», «Жапон империализмі», «Қожанасыр», «Подкулачники», «Қарын ұстамай қалды» және тағы да басқалар.

Шығармаларын нәзік штрихтармен өрнектей білген суретші карикатура тақырыбына келгенде өте сақ болған. Аталып өткен шығармаларының басты идеясы басшылықтағы ірі тұлғалардың бір-бірімен күндес, көре алмаушылық, жағымпаздық сынды келеңсіз болса да бар жәйттерді жеткізу болды. Жағымпаздық тақырыбына бір емес бірнеше рет тоқталған карикатурашы әрқайсысын сан түрлі қырынан беруге ұмтылған.

Плакат және карикатура сызумен айналысатын Борис Чекалин 1937 жылы Ресейден Алматыға келіп, «Социалистік Қазақстан» газетіне қызметке тұрады. Сол жерде ол тек карикатура ғана емес, тақырыптық плакаттар да сала бастаған. Майданнан оралған Б.Чекалин «Ара-Шмель» журналында жұмыс істейді. Сол жерде жұмыс істей жүріп Қазақ карикатура өнеріне қосқан үлесі өте зор болды. Қазіргі таңда мемлекеттік қорда суретшінің 130-дан астам шығармалары сақтаулы тұр.

Суретшілердің шығармашылық жолдары мен туындылары бір-біріне ұқсамай, өзіндік қолтаңбасымен дараланған. Сондай ерек қолтаңбаға ие Абдулла Ғалиевтің қазірге дейін сақталған он сегіз жұмысы бар. Олардың орындалу техникасы мен тақырып таңдау аясы да әр қилы. А.Ғалиев шығармашылығы әлеуметтік, тұрмыстық және саяси карикатураға арналған. Ондағы көркем мәнерлеу құралдары арқылы кейіпкердің бейнесін ашуға ұмтылыс жасайды. Кейіпкерлердің бейнесін ашу мінез-құлқын, болмысын, дүниетанымын сипаттаумен ерекшеленеді.

Карикатура – жауынгер жанр. Оны «Ара-Шмель» журналы дәлелдеген. Журнал карикатуралық шығармаларды 1956 жылдан бастап мақаламен бірге басып шығара бастаған болатын. Аталған жылдан бастап қарапайым халық карикатура өнерімен етене таныс болып, қоғамға алып келер пайдасы көп екендігіне көздері жеткен. «Ара-Шмель» басылымы шыға бастаған күннен-ақ карикатура өнеріне қызығушылық танытқан суреткерлер саны күрт арта түсті.

ХХІ ғасыр Қазақ бейнелеу өнерінде карикатура, достық әзілді портрет, яғни шарж жанрының қалыптасып, дамуына өзіндік қолдаңбасын қосқан, бүгінде танымал көшбасшы саналатын белгілі суретші – Еркін Нұразхан. Карикатурасы ешкімге ұқсамайтын, табиғаты мен қайталанбас дара таланты суретшіні «Қазақ карикатурасының королі» деп бағалауға себеп болды. Оның 300-ге жуық танымал қайраткер тұлғалармен достық әзілдескен шарждық туындылары бар.

Карикатурамен айналысқан суретші тек сурет салып қана қоймай, сонымен қатар, психолог, саясаттан мол хабары бар, әлемдік жаңалықтарды жіті назарда ұстап отыратын көкірек көзі қырағы жан болуы тиіс. Осы аталған ерекшеліктердің барлығын бойына сіңірген суретшілер ғана карикатура жанрының биік шыңына шыға алады.

ХХІ ғасыр карикатура өнері Қазақстанда бұрынғы уақыттарға қарағанда жоғары деңгейде дамып, карикатурашылардың еңбегі жанған сәт деп атауға болады. Себебі суретшілеріміз өздерінің карикатуралық өнерлерімен алыс-жақын шет елдерге Қазақ елін танытып келеді.