Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-locale.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-theme-json-resolver.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/category.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-walker-comment.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/comment-template.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/kses.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-scripts.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-term-query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-tax-query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-widget.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/rest-api/class-wp-rest-request.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-revisions-controller.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-plugins-controller.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-pattern-directory-controller.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-block-parser.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/blocks/navigation-link.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/httpdocs/wp-includes/block-editor.php on line 1
Бидің шешіміне хан да бағынған. Ал қазір ше? – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

Бидің шешіміне хан да бағынған. Ал қазір ше?

Немесе

ШЕШЕНДІК ӨНЕР ЖӘНЕ БИЛІК ШЕШІМ

Елдің әдет заңына жетік, халықтың байырғы мәдениетін, әдеті мен ғұрпын, салт-санасын терең игерген сөз шебері қазақ хаңдығы тұсында ел билігіне кеңінен араласқан. Үлгілі, ғибратты, өнегелі сөздерін ел тағдырымен, халық мүддесімен, мемлекет мақсатымен байланыстырып айтқан ірі билердің қоғамда, мемлекет басқару ісіңде алатын орны үлкен еді. Ел ішіндегі түрлі дауларда, айтыс-тартыстарда ойының ұтқырлығымен, сөзінің анықтығымен, ойлауының жүйелілігімен халықтың ықыласын, бейілін өзіне аударып, ақырында, дау иелерін де, қалың жұртты да өз айтқанына сендіріп, өз дегеніне көндіріп шыққан билердің абыройы мен атағы өте жоғары болған. Білікті билігімен қара қылды қақ жарып, тура би аты шыққан кісілердің мемлекеттегі басты тұлғаға айналуы билер дәуірінің саяси-әлеуметтік ерекшеліктерімен байланысты. Жәнібек ханның тұсындағы Асан би, Тоқтамыс хан тұсындағы Едіге би, Тәуке хан тұсындағы Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би осындай билік енерінің шырқау биігіне шыққан, абырой-атағы, атақ-даңқы, беделі бүкіл елге мәшһүр болған кісілер еді. Бұл тұстарда халық белгілі билердің әділ айтылған билігін хан жарлығына теңгерген. Бидің әділ айтылған билігіне хан да қарсы шықпаған. Бидің бүкілхалықгық маңызы бар билігіне кұлақ қоймаған кейбір хандардан қкадір кашып, қасиет кеткен жағдайлардың болғаны тарихтан белгілі. Казақ билері мен шешендерінің бүгінгі күнге дейін жеткен билік сөздері Едіге бидің билігіне ден қоймаған Тоқтамыс ханның, Асан бидің айтқанына ыңғай бермеген Жәнібек ханның істері ақыры баянды болмағанын аңғартады. Ақылын кеңге салған хан әдетте билерінің сөзін жерге тастамаған, “көбінесе билерінің ақылымен хандық құрған” [5, 27-30]. Халықтың “ханда қырық кісінің ақылы бар” деген сөзінің негізінде осындай шындық жатыр. Ханның ақылының асық болуының себебі оның осындай кеңесші-билерінің айтқандарына ықылас қоюында. Билердің билік сөзі ел билеудің жолы ғана емес, ел билеу туралы даналық ақыл, ереже қызметін атқарғандығы осы жайлардан белгілі болады. Ел өміріндегі, қоғамдағы, мемлекет ісіндегі билердің атқаратын қызметі мен орнының осындай жоғары екендігіне көзі жеткен халық бидің қоғам өміріндегі орнын жоғары бағалаған. Сондай-ақ бидің батырдан, байдан артықшылығы жайында қанатты сөздер де аз емес. Солардың ішіңде Төле би айтқан екен деген мынадай сөз бар:

Батыр деген –  барақ ит –

Екі долы қатынның бірі табады.

Би деген – бір бұлақ –

Қатынның ілуде бірі табады [56, 24].

С. Сейфуллин билер сөздері туралы еңбегінде елдің байырғы тұрмысының тәжірибесінен екшеліп, сұрыпталып шыққан қорытынды, түйінді сөздерін, заңдарын, шежіресін, салт-дәстүр ережелерін, сана, тәрбие нақылдарын, үлгі-өнегелерін өзгелерден артық білген адам және өзі де өнегелі сөздерді жанына айта білген адамның сол елге айрықша қадірлі болғанын көрсетеді. Бұл пікірде үлкен шындық қоғамның әлеуметтік өмірінің ақиқат заңдылықтары көрініс тапқан. Сонымен қатар автор елдің жаугершілік жағдайында жастарға үлгі қылатыны соғыс майданында жауды мұқататын батыр болса, жайшылықта үлгі қылатыны тіл майданында “дұспанға” сөз жібермеген шешен би болғанын атап өтеді [5, 265].

Қазақтың дәстүрі қоғамында батырдың да, бидің де өз орны болған. Әйтсе де хандардың да, батырлардың да, байлардың да кемшіліктерін, қателіктерін бетке айтып, міндерін көрсетіп, жолдан тайғандарын түзетіп, тура жолға салушы билер болған [5, 265].

Айтылған жайларға сүйенгенде,  халықтың байырғы қоғамында шешен билердің орны үлкен болғаны туралы пікір түюге болады. Бұл реттен келгенде, Бұқар жыраудың, Төле бидің бағасы туралы шешендік сөздерінде олардың өз дәуірінің үлкен шындығы екшеліп, жинақталып көрініс тапқан деуге болады.

Би осылай деп айтса, айтқан да шығар. Бірақ бидің осылай айтуына негіз болған жағдай, ахуал сипаты бізге белгісіз. Қалай болғанда да екеуінің бірін таңдау қажет болған сияқты. Әйтпесе бұлай деп үзілді-кесілді тектен тек айтуға негіз жоқ. Өйткені дәстүрлі қазақ қоғамында батырдың өз орны, бидің өз орны бар. Сөз өнерінің тарихына назар аударатын болсақ, батырлардың өмірі мен ерлік істерін жырлаған неше түрлі эпикалық шығармалар бар, неше алуан тарихи жырлар бар. Жамбылдың Өтеген батыр, Сұраншы батыр туралы дастандарында, өлеңдері мен айтыстарында ел қорғаған батырлардың бейнесі барынша жарқын, жарық сипаттарымен ерекшеленеді.

Құлмамбетпен айтысқанда Жамбыл:

Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт… –

деп елін қорғаған ерлер мен батырларды аса жоғары көтеріп айтады. Ақынның мұнысы  халық Отан қорғар батыр ұл тууын мұрат тұтып, ел қорғайтын батыр мінетін тұлпар өсіруді кәсіп етіп жүрген заманда, Жамбылдың батыр мен батырлық туралы мына қанатты сөздерінің көркемдік мәні өте жоғары екенінде сөз жоқ. Бұл тарапта басқа ақындар мен жыраулардың жырларында да батырлықты ардақтаған сарын үзілмейді. Ол –  өз алдына үлкен әңгіменің өзегі болар тақырып. Дегенмен шаршы топта сөз бастау да оңай емес.

Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады, –

деген шешендік сөзді ғалым С. Негимов көмекей әулие Бұқар жырау айтқан деп көрсетеді [14, 37]. Ғалымның аңғаруынша, Бұқар жырау шешендіктің қиын өнер екенін қатаң ескерткен [14, 37].

С. Сейфуллин Төле би айтқан мына бір сөзді келтіреді:

Елге бай құт емес,

Би құт [5, 277].

Батыр, шешен, бай, би – бәрі де қазақтың байырғы қоғамының ірі тұлғалары. Олар туралы біржақты пікір түюден аулақ болған абзал. Бірін көтермелеу үшін екіншісін төмендетуді біз мақсат етпейміз. Дегенмен шаршы топтың алдында сөз бастау, ой жарыстыру, билік сөз айту батырлықтан да, байлықтан да қиын екенін мойындау керек. Өйткені, сөздің айтылуы бір басқа процесс те, шешеннің, бидің ойы мен ойлауының, қорытынды тұжырымының қалыптасуы басқа процесс. Ал оны сөзге айналдырып, келістіріп айту одан да күрделі. Бұл әрбір екі ойшылдың бірінің қолынан келе бермейді. Өнері асқан майталман шешен ғана көңіліндегі көрікті ойды көрнекті айта алады. Соның нәтижесінде ғана шешендік сөз, шешеннің өнері шаршы топтың ойы мен сезімін бірдей билеп төстей алады. Осы тұрғыда профессор Ж. Дәдебаетың мына бір пікіріне назар аударған дұрыс деп ойлаймыз: “Өнер мен ғылымның басқа түрлерінің қай қайсысы да өз пәнінің аясынан аспайды. Олардың әрқайсысы өзімен-өзі болғанда ғана қоғамдық ойдың дербес саласы ретінде сақталып қалмақ. Ал олай болмаған жағдайда олардың қай-қайсысы да мәнін, мәнімен бірге пәнін жоғалтып аларында сөз жоқ. Шешендік өнердің басқа өнер түрлерінен және ғылым салаларынан айырмашыығы – оның пәнінде де, әдісі мен тәсілінде де ешқандай шекара болмайды. Шешендік өнер үшін асуға болмайтын жалғыз-ақ шекара бар. Ол – ақыл-ой, ар-ождан, абырой шекарасы. Ақыл-ойдан таятын, ар-ожданнан аттайтын, абыройдан ажырайтын, межеден арғы жерде шешендік өнер де жоқ” [13, 9-10].

Байырғы қазақ қоғамында бидің де, бидің сөзінің де маңызы өте зор екені анық. Қол бастаған батыр, мыңды айдаған бай тоқтата алмаған жау мен дауды сөз жүйесін ұстаған би өзінің бір ауыз билік сөзімен ғана тоқтата берген. Орынды айтылған би сөзі ханның қаһарын қайырған, батырдың ашуы мен байдың тасуына бірдей басу болған. Соңдықтан да билердің бүкіл елге тарап, әр істе жол-жоба, өнеге-өсиет секілді әрбір билік сөзінің қоғамдық-әлеуметтік қызметі өте жоғары. Мұндай билік сөздер белгілі бір бидің аузынан шыққанмен, оларда халықтың көп ғасырлық тұрмыс-тәжірибесінен, қалыптасқан салт-санасынан, әдеп пен әдет өлшемдерінен, заңынан тамыр тартқан мән мен маңыз бар.

Ілгеріде өмір сүрген қазақ билерінің хандарға арнап айтқан сөздерінің басым көпшілігі халықтың наным-сенімдері, дәстүрлі дүниетанымы мен әдет заңы өлшемдеріне негізделеді. Сондықтан оларда ел тарихы туралы тағлымды терең білім мен халықтық философия, ұлты таным сарыңдары мол.

Қазақ билері мен шешендері – өздері өмір сүрген кезеңнің басты тұлғасы әрі жемісі. Дегенмен, олардың ақыл-ойы, психологиялық болмысы, сөйлеу әдебі, танымы халықтың тұрмыс-тіршілігінде, өміріңде ғасырдан ғасырға ұласып, үздіксіз дамып, жетіліп, ақыры кемел дәрежеге дейін көтерілген байырғы мәдениет дәстүрлері, дәстүрлі әдет, әлеуметтік тәртіп өлшемдері негізінде қалыптасып, заман, қоғам, әлеуметтік орта талаптарына орай жаңа сапаға иеленген. Олардың адам құқығын қорғау, ел түзету мақсатындағы ойлары мен сөздері, істері мен қылықтары, биліктері мен заманы, заманының тәртібі арасында терең сабақгастық, өзара тәуелділіктің айқын көрінуінің сыры осында. Қазақ хандығының бастапқы кезеңінде өмір сүрген Асан би, Жиренше шешен, одан бергі замандардағы Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Бөлтірік шешен және басқа билер мен шешендердің өздері де, сөздері де қазақ қоғамының бүкіл дамуы дайындап, белгілі бір дәуір, әлеуметтік орта даралаған ірі тұлғалар болып табылады. Сондықтан қазақ билері мен шешендерінің сөздерінен олардың өз болмыс-бітімі, ойлау даралығы, сөйлесу саралығы мен оларды тарих сахнасына шығарған әлеуметгік дәуір келбеті қатар көрініс тапқан.

Жәнібек хан хандық құрып тұрған кезде Асан би айтыпты деген бір билік сөз С. Сейфуллиннің еңбегінде баяндалады [5, 27-30]. Онда Жәнібек ханның үш рет той жасағаны, Асан бидің үш тойға да шақырылғаны, бірақ оның келмегені туралы айтылған. Бірінші жолы хан Астрахан каласын салдырып, соны тойлапты. Екінші жолы даладағы көлге шекер төктіріп, қонған аққуларды мас қылады да, оларды құладынға ілдіреді. Сөйтіп, хан құладынның аққу ілгенін тойлапты. Үшінші жолы хан қарындасы Қаныбет аруды Мығалы деген бір байдың ұлы Тастемірге бермек болып той жасапты. Асан би бұл үш тойға да келмеген екен. Сонда Жәнібек хан тойлары тарқаған соң, Асан биге арнайы кісі жіберіп, ордасына шақырады. Жәнібек хан ордаға келген биінен өзі жасаған үш тойға бірдей келмеуінің себебін сұрайды. Асан би Жәнібек ханға өзінің үш тойға бірдей келмей қалуының мәнісін толғап түсіндіреді. Хан сұрағына орай Асан би:

…Астрахандай қаланы

Жат жұрт әкеп салдырдың,

Көңілімді жаман қалдырдың… —

деп, халық үшін, үрпақ үшін баянды мекен-жай, құт-мекен болатын қаланы жат жұртқа, бөтенге салдырудың әдепке, ежелгі тәртіпке, ырымға жаман екендігін, мұы айтқанда, ханның ақылға тоқтамағанын, сол үшін өкпелеп, тойға келмегенін толғайды. Хан мұны мойындайды. Асан би енді ханның екінші шақыруына неліктен келмегенін түсіндіреді:

Көлге шекер төктірдің,

Шекерге аққу бөктірдің.

Аққу көлдің көркі еді,

Көлдегі сұлу ерке еді,

Құладын құстың қоры еді,

Аққу құс ару төре еді.

Құладынға қуды ілдірдің,

Ақ мамығын жұлдырдың,

Құладынға қуды жем қылдың,

Төрені қормен тең қылдың.

Түбінде өз басына келер деп,

Құладындай бір жаманнан өлер деп,

Саған өкпелеп келмедім…

Хан Асан бидің сөзін, сөзінің мәнін ұғынып жөнге тоқтайды да, бидің үшінші тойға келмеген себебін сүрайды. Асан би бұл сұрақтың жауабын былайша береді:

Ұсар ма, билер, ұсар ма?!..

Арғымақгың аяғын

Алтынменен тағалап,

Күміспенен шегелеп,

Шәйі жібек тұрғанда,

Арқанменен тұсар ма?

Хан да өтірік айтар ма?

Хан жарлығы қайтар ма?

Әз Жәнібек дейтін хан ием,

Әуелгі сөзін ұмытып,

Айсылдың ару Әметі тұрғанда,

Мығалы байдың ұлына,

Бұқасын баққан құлына,

Тастемірдей жаманға

Қарындасын берерге ұсар ма?..

Асан бидің сөзінде телегей-теңіз тарихтың сарыны бар десек, артық емес. Онда халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, дүние-әлемге көзқарасы, ғылымы мен білімі – бәрі де тоғысып тұр. Аққу көлдің ғана емес, дүниенің, жанды табиғаттың көріктісі, кербезі, сұлуы, еркесі, құс біткеннің төресі еді. Енді осынша ару текті жер мен көктің арасындағы ең бір қасиетсізге, құс біткеннің қорына қолдан жем қылуға саналы жанның қолы қалай баады, саңы қалай ауады. Бұл бір адам баласы естіп көрмеген зорлық, адам баласы жасап көрмеген қорлық еді. Мұның мәнін хан білмегенмен, би біліп тұр. Бидің шешендік сөзінде болған істің  жайсыздығын алыстан толғап білген дегдар білімпаздық, ортасынан озған терең ойшылдық тұрғы бар.

Арғымақтың аяғын алтынмен тағалап, күміспенен шегелеп, шәйі жібек тұрғанда, арқанменен тұсауға бола ма… Егерде осылай бола қалған жағдайда, оны халық танымы қалай қабылдайды. Арғымақты халық асыл туған жануар деп бағалап, оның аяғын алтынменен тағалап, күміспенен шегелесе, онда асылды асыл деп бағалаған халықтың танымы көзге түседі. Бұл жақсы. Мұны жасаған халық та, халықтың танымы да асыл деп бағалауға лайықты. Күндердің күнінде халық ішінен шыққан біреу өзінің атын шығарғысы келіп, әлгі аяғын алтынменен тағалап, күміспенен шегелеп отырған арғымақтың аяғын арқанменен тұсар болса қайтер еді… Бұған берер жауап біреу – асылдың қадірін білмеу. Асыл мен жасықтың парқын, жақсы мен жаманның парқын айыра алмау деген де осындай. Осындай  құбылыстарды өзара шендестіре айта отырып, Асан би негізгі ойын барынша көрнекті, көрікті етіп баяндайды. Ғылым мен білім, әдет-ғұрып пен салт-сана арнасында тұжырымдалған асыл ой шешендік өнер үлгісіне түсіп, жарқырап шығады.

Әз Жәнібек хан Асан бидің бұл сөзін де жөн көріп, қарындасын байдың баласына емес, бұрын атастырған жеріне Айсыл бидің баласы Әметке береді. Асанның би мен байды салыстырып, бидің байдан артықшылығын, оның қоғамдағы, әлеумет өміріңдегі орнын жоғары бағалап отырғаны рас. Бірақ ол биді би болғаны үшін қадірлеп отырған жоқ, оның қадірін, бай баласының басында жоқ асыл қасиетін артық көреді. Бұқа бағу –  кәсіп, кемшілік емес. Ісі, кәсібі бүқа бағу болған кісінің күні де, түні де баққан малының соңында өтетіні белгілі. Ал ел ісіне араласып, халықгың бетке ұстаған зиялыларымен қатар қызмет атқару қатарынан ақыл-ойы асқан, парасаты озған кісінің ғана қолынан келмек. Қолы мен аяғының күшіне сенген, байлығының буына балбыраған бай ұлынан ақыл-ойымен, парасатымен озған би баласын жоғары қою Асанның өз басының ғана таным-талғамы емес, оның заманының да тұрғысы. Бұл тұрғы бойынша, бұқа бағып, мал жию әр екі еркектің бірінің қолынан келетін іс болса, ел ісіне араласып,  тура билік кұру  көкірегінде  жарығы  бар кісінің ғана қолынан келмек. Құрмет пен сыйға, алдымен, осындай негізі жарыған, көргенді, дегдар адам лайықты. Кұс аруы аққкудьщ көгілдіріндей ару текті сұлу қыз да осындай табиғаты асыл, маңдайы жарқыраған жампозға лайықты. Олай болмаған жағдайда табиғат заңы тәркіленіп, жаратушы жасаған жүйенің тепе-теңдігі бұзылады, өзара үйлесіп, жарасып жатқан тұрмыс-тіршіліктен сән-салтанат қашып, береке кетеді. Асан бидің сөзіне арқау болған  өмір құбылыстарының тобы, дәлірек айтқанда, сөздің  тақырыбы ханның ісі мен сұрағына байланыстырған. Ал сол тақырып негізінде  халықтық мәні бар ірі идея түю, оның өзін елдің ата-баба салтымен сабақтастырып негіздеуі суреткерлік шеберлікпен қоса даналықты талап ететіні сөзсіз.

Асан бидің үш түрлі жағдайға байланысты айтқан сөздері шешендік, билік сөздің үздік үлгісі қатарына жатады. Сөздің айтылу жайына көңіл бөлгеңде, бұл жерде билік процесі, билік шешімінің ұзын-ырғасы көзге түспейтіні рас. Оның себебі билікті айтушы да, билік сөздің иесі де, билік шешім қабылдаушы да бір ғана адам екендігінде. Ханның істеген ісін билер талқысына салып отырған жан жоқ. Оның ісіне баға беріп, билігін, кесімін қуып келіп шығарып отырған жоқ, өз еркімен, өз тарапынан әдейі, дау шығарып емес, жөн айтып, жол көрсетіп  айтушы – Асан бидің өзі. Бірақ Асан би бұл бағасы мен билігін, кесімін хан сұрағына жауап ретінде, өз өкпесінің себебін білдіру мақсатында айтып отыр. Бидің сезінен билік процесінің, билік шешімнің ұзын-ырғасының көрініс таппауының мәнісі осында. Дегенмен Асан бидің сөзінің хан ісіне наразылығының, хан ісін айыптауының сыры тереңде жатыр. Құладынға қуды ілдіру – хан үшін ермек, күлкі. Асан бидің ұғымында бұл күлкі де, ермек те емес, ел тілегіне жат жаман ырым, жаман бастама қатарына жатады. Халықтың байырғы заманнан бері келе жатқан  наным-сенімдері, тәртіптері, әдет-салты бойынша, құс төресі аққудың құс жаманы кұладынға жем болуы – жамандықтың нышаны [66, 44]. Сол секілді қыранды қарақұстың ілуі де жақсы нышан емес. Мұңдай көрінісгі халық жаманға жорып, ел басына бір нәубет келетіңдей сескенген. Бұл секілді істі өңде емес, түсте де қауіп-қатердің, жайсыз өзгерістің аянындай қабылданған [66, 45]. Жақсыны жаманға қор қылу, тәрбиеліні тәлімсізге жығып беру, асылдан жасықгы асыру, тұлпардан тұғырдың қадірін асыру, хан жарлығын екі ету секілді табиғаттың тепе-теңдігін бұзатын істерге халықтың әдет-ғұрып ережелері, дүниетаным қағидалары қатаң тыйым салады [67, 327-331]. Қазақ халқының әдет-заңын түзететін ережелердің бірқатары осындай ұгым-түсініктерге негізделген.

Асан бидің Жәнібек ханға:

Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,

Айтқаныма көнбейсің.

Шабылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып, қызып терлейсің.

Өзіңнен басқа хан жоқтай

Елеуреп неге сөйлейсің?!-

деп, сын айтып қана қоймай, мін тағып сөйлеуінің себебі ханның әлсіздігінен, билігінің аздығынан емес, елдің әдет заңында көрсетілген хан мен билердің орны, қоғамдағы қызметі туралы қағидаларға иек артқандығында. Билер белгілі бір кісіні ақ киізге отырғызып, хан көтергенде, оның алдына мынадай талапты ашықтан-ашық қойған: “Төбеңе қара, Егер өзіңді хан көтерген билерің мен хандығыңды ардақ тұтып, еліңді жақсы билесең, онда сен мына төбеңдегі күндей шалқитын боласың, аспанның астгы мен жердің үсті сенің кұдіретіңе бас иетін болады, аллатағалла тілеген тілегіңді беріп, мұратыңа жеткізеді. Аяғыңның астына қара. Егерде сен өзіңді хан көтерген билерің мен хандығыңды ардақ тұтпай, еліңді жаман билесең, онда сенің аяғыңның астында мына киіз де қалмайды: байлығың қашып, бағың таяды, мүсәпір күйге ұшырайсың![68, 578-580].

Асан би Жәнібек ханға сын айтумен бірге мін тағып, өкпесін айтумен бірге өктемдігін көрсетіп сөйлеуінің негізінде толып жатқан сыр бар. Бұл жерде бидің Жәнібек ханға өткен еңбегінің аса зор екенін де ескеру керек. Сонымен қатар Әз-Жәнібек пен Асан би заманында халықтың әдет-ғұрьш, салт-сана өлшемдері мен ережелері заң орнында қолданылғанын да жоққа шығаруға болмайды. Сондықган Асан бидің Жәнібек ханға айтқан сөзінің негізінде сол дәуірдің әдет-ғұрпына, салт-санасына негізделгсн жалпыға бірдей тәртіп ережелері мен өлшемдері жатқаны даусыз. Ханды өз айтқанына көңдіріп, айыбын мойыңдатып отырғанда, Асан би осындай тәртіп ережелері мен өлшемдеріне сүйенген. Жәнібек ханның Асан бидің билік сөзіне тоқтап, оның дегеніне көну сыры осыңда. Сонымен қатар Асан бидің ұстанған әлеуметтік нысана-тұрғысының, мұратының биікгігінде де көп мән бар. Хан өзінің үш ісінде де жеке басының, жаиы мен тәнінің қызығын қызықтаудан аса алмады және оның осы жасаған үш ісі де хаңдық пен халықтың түпкі нысанасымен үйлеспейтін, әдет заңына кдйшы кеяетін щллық еді. Ханның шектен пшқкан қылыгына қарсы Асан би тек өз тілегін, өз мүддесін емес, әдет заңына сүйене отырып, хандық пен халық тілегін, хаңдық пен халық мүддесін көздеген ілгерішіл, мемлекеттік, халықгық мұратты қояды. Асан бұл жерде халықтың өзінің шешендік билік сөзімен әдет заңының орындалуын қалт етпей күзетіп тұрған бақылаушы, сақшы қызметін атқарып отыр. Бидің билік сөзінің өткірлігі мен өтімділігі, күштілігі оның әдет заңын қорғауға, одан таймауды талап еткен турашылдығында жатыр. Асан бидің билік сөзі, осылайша, әдет заңының талаптарына сай халықтың тыныштығы мен халықтың беріктігін көздеген жалпыхалықтық, жалпымемлекеттік ұлы мұратқа қызмет еткен болып шығады. Әр күннің емес, бір күннің ғана қызығына беріліп, әр күнін емес, бір күнін ғана ойлап іс қылған ханның Асан бидің негізі берік, дәлелі жеткілікті, жүйесі анық билік сөзіне сенбеске, оның дегеніне көнбеске шарасы жоқ.

Асан бидің ханға қойып отырған талабы мен тағып отырған айыбы  халықгың  әдет  заңына  негізделген  дедік.   Халықгың  әдет заңына, байырғы мәдениет өлшемдеріне негізделіп жазылған әдебиет ескерткіштерін де Асан бидің сөзінен, оның уақытынан бөле-жарып   қарамау   керек.   Көне   түркі   жазба   ескерткіштерінде (Ү-ҮІІІ ғғ.) [69, 80-96], М. Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрік” (ХІғ.) [70],  Жүсіп Баласағұнның “Құтадғу біліг”  (ХІ ғ.) [46], Ахмет Иүгінекидің “Ақиқат сыйы” (ХІІғ.) [71],  “Кабуснама” (ХІІ ғ.) [72]  және басқа еңбектерде көрініс тапқан тәртіп өлшемдері, ел басқару ережелері жеке бір адамның ойынан немесе шығармашылық   қиялынан   тумаған.   Бұл   аталған   еңбектердегі   ел басқару ережелері, ел басына қойылатын талаптар халықтың байырғы дүниетанымынан желі тартады. Бұл ережелер бір ғасырдың немесе бір дәуірдің нәтижесі емес, олар халықтың қилы тағдыры мен талайғы тарихының өн бойыңда өсіп, жетіліп отырған.  Одан берідегі Әмір Темірдің [73, 10-185], Бабырдың [74],   Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың [75, 430-433] ел билеу туралы ойлары да көп ғасыр бойы билер мен хандардың, елбасылардың ел билеу, билік ету тәжірибесінде шыңдалып, жетілген үсгіне жетіле берген, сөйтіп кемел дәрежеге жеткен жалпыхалықтық маңызы бар қағидаларға негізделген. Соңдықган әр дәуірде өмір сүрген билер мен шешендер сөздері және әр дәуірде хатқа түскен әдеби ескерткіштер арасында жақындық, сабақтастық мейлінше мол. Асан бидің Жәнібек ханның үш ісіне айтқан билік сөзі, бір жағынан, оның өзіне дейінгі, өзі тұсындағы қоғамдық-әлеуметтік, құқықтық санаға негізделсе, екінші жағынан, кейінгі тұстардағы әдеби, мәдени ескерткіштер де оның басты әлеуметтік, құқықтық қағидаларымен үндесіп, сабақтасып жатады.

Бидің билік сөзінің қоғамның басқару, билеу жүйесіндегі маңызы өте зор. Оның маңызы қоғамның басқару, билеу жүйесінің біріне немесе белгілі бір тобына ғана таралып қоймайды, тұтас ортаға, адам мен қоғам арақатынасы бар саланың бәріне бірдей мағыналы, мәнді болып табылады. Билік сөз өзі тектес құбылыстармен ғана емес, оны туғызған орта мен жағдайдың барлық құрамдас бөліктерімен, салаларымен тікелей байланысты әрі оларға тікелей де, жанама түрде де ыкпал етеді.

Асан би Жәнібек ханның үш тойына бірдей келмеуінің себебін анық білдірген: хан ел мүддесін көздемей іс еткендіктен, өкпелеп келмеген. Бидің сөзінің жүйесіне қарағанда, хан бұл істерінің терістігін білмей қалған жоқ, біледі, біле отырып осындай салтта жоқ іске барады. Бұл – ханның асқақтағанының, көңілі толып, асып-тасығанының белгісі. Би қоғамдағы белгілі тәртіп пен әдеп өлшемдерін сақтамаған жағдайда, осындай орынсыз асқақтау, бекер қызыну белең алып, оның өзі ақырында, ханды да, ханмен бірге елді де аздыруға алып келетінін даналықпен болжап айтқан. Би ханның жан қызығы  мен тән қызығы тілектерін ақылға салуы, парасатқа жеңдіруі, орынсыз қызбаланбауы, әсіре қызылға, асыра қызыққа түспеуі туралы  талабын билік сөз қағидаларына сай анық, дәлелді, әсерлі жеткізеді. М. Әуезов Асан бидің Жәнібек ханға таққан үш айыбына назар аударып: “ондағы Асан кертартпа феодалдық заңның санашылы болып шығады” [3, 234], – деп жазады. Асан –  өз заманының, өз дәуірінің санашылы, ал оның дәуірінің, заманының заңын оның дәуірі, заманы үшін “кертартпа” деп бағалауға болмас еді. Бұл арада Асан бидің заманына қатысты “кертартпа” деген бағаны М. Әуезовтің өз заманының талаптарына сай айтудың ғана реті бар. Ханның жеке басының қызығын қуғаннан ел мүддесін, халық қамын келер ұрпақ мұратын ойлау әлдеқайда абыройлы және қымбат екендігі жайындағы азаматтық биік көзқарас жатыр. Бидің мұндай көзқарасының негізінде мемлекеттік, бүкілхалықтық мүдде бар. Би осындай мемлекеттік, бүкілхалықтық мүдде негізінде ұстаған ілгерішіл көзқарас, тұрғыға сай ханның бұрыс ісін түзеуді, оның жаман, жайсыз қылығы мен әдетін тыюды көздейді, халық қамын, ел болашағын өзінің жеке басының тілектерінен жоғары қоюын талап етеді. Бұл бидің билік шешімінің талабы ғана емес, ханды жаман қылықтан тыюды көздеген эстетикалық-этикалық тұрғысының көрінісі болып табылады.

Бидің билік сөзінде белгілі бір іс-әрекетті жасауға болмайтындығы туралы ғана айтылып қоймайды, сонымен қатар сол белгілі бір іс-әрекетті неліктен жасауға болмайтындығы да ашық көрсетіледі. Сол арқылы белгілі жағдайда кісінің қандай талаптардың негізінде әрекет жасау керектігін аңғартады. Бидің билік сөзінің бір жақты шықпай, бұлайша барынша толық әрі терең сипатқа иеленуі оның құқықтық ойы мен ойлануының шығармашылық сипатын, кемелдігін білдіреді.

Әділ билік айту үшін бидің әлеуметтік белсенділігі мен құқықтық турашылдығы, сөзінің ақтығы аса маңызды. Ел-жұртқа бірдей тәртіп, әдеп пен әдет, заң өлшемдеріне қайшы келген әрбір іс, әрбір әрекетке қарсы шығып, мұндай іс-әрекет иесін шешендік белгілі сөз арқылы жедел жауапқа тартып, айыпқа жығу, сөйтіп әділдіктің салтанат құратынына халықтың көзін жеткізу нәтижесінде ғана бидің әлеуметтік белсенділігі нақты түрде көрініс таба алады. Әділетсіздікті әдет пен әдеп, дәстүрлі мәдениет, дәстүрлі таным өлшемдерінің, қоғамдық тәртіп қағидаларының бұзылуын немесе бұрмалануын көре тұрып, өз сөзінде көрмеген сыңай таныту, біле тұрып, білмеген сыңай таныту бидің білімісіздігінен, әлеуметтік белсенділігінің, қоғамдық-азаматтық нысана-тұрғысының жоқтығынан туады. “Тура биде туған жоқ, турасыз биде иман жоқ” деген қанатты сөз тура билік жасаудың ел үшін маңызы мен мәнін танытумен бірге тура бидің азаматтық, қоғамдық келбетін де анық сипаттайды. Тура  билік айтушы бидің құқық саласындағы, ұлттық салт-сана, халықтың адамгершілік түпкі нысанасы саласындағы көл-көсір білімі, азаматтық-құқықтық биік тұрғысы ерекше маңызды. Азаматтық-құқықтық биік тұрғысы жоқ би бір ғана біліммен тура билік жасай алмайды. Тура билік жоқ жерде бидің азаматтық-құқықтық биік тұрғысы да болмайды. Терең білім мен азаматтық-құқықтық биік тұрғы өзіне-өзінің, өзінің биік шешімінің туралығына деген, жалпы ісінің ақтығы мен адалдығына, оның халық үшін пайдалылығына, баяндылығына деген берік сенімін қалыптастырады. Терең білім, азаматтық биік тұрғы, берік сенім, шешендік шеберлік бидің билік шешімінде оның халық, ел алдындағы жауапкершілік сезімімен тікелей байланысты. Осындай жағдайда ғана бидің билік сөзінің мазмұны мен көркемдік мәні жоғары сапаға иеленеді.

Аристотель шешеннің азаматтық тұрғысын оның халық игілігінде, адам бағытына қызмет етуімен байланыстырады [37, 166-169, 205-208]. Әл-Фараби шешеннің міндетін оның ақиқатқа қызмет ету тұрғысымен, адамгершлік келбетімен сабақтастырады [38, 439-526]. Цицерон шешеннің қадір-қасиеті оның елге ұсынып тұрған өз мұрат-тұрғысына деген адалдығын іспен дәлелдей білуінде екендігі көрсетеді [39, 100-195]. Демосфен де осындай ойда болды [76, 383]. Қазақ билері мен шешендерінің азаматтық-құқықтық нысана-тұрғысының басты ерекшелік халықтығында. Олардың ақиқат, әділеттілік, адамгершілік, адалдық туралы ойлары мен пікірлері осыдан – олардың азаматтық, эстетикалық нысана тұрғысының халықтық сипатынан бастау алады.

Асан бидің сөзінің қоғамдық-әлеуметтік, құқықтық қуаты оның әлеуметтік- эстетикаллық мәнімен тығыз байланысты. Би өз сөзімен баланы, елдің жас ұрпағын тәрбиелеуді де алдына тікелей мақсат етіп қоймаған. Соған қарамастан бидің сөзінде терең тәрбиелік мән бар. Сөздің тәрбиелік мәні балаға немесе данаға, ханға немесе қараға арналған даралығымен емес, ханға арналып айтылса да, бүкілхалықтық, елдік маңызы бар саралығымен бағалы. Бидің билік сөзінің ендігі бір құндылығы оның хан мен қараға, бала мен данаға, ханға немесе қараға арналған даралығымен емес, ханға арналып айтылса да, бүкілхалықтық, елдік маңызы бар саралығымен бағалы. Бидің билік сөзінің ендігі бір құндылығы оның хан мен қараға, бала мен данаға бірдей күшті эстетикалық әсерімен байланысты. Хан өзі биінің билік сөзін тыңдап, мақұлдап қана отырған жоқ, оны толық мойындап, жіберген қателігін қолма-қол түзетіп отыр. Хан, әрине, салынып біткен Астрахан қаласын  қайта қиратып, оны өз адамдарын салғызу туралы шешім шығармайды. Көл бетінде шекерге бөгіп, мас болып, құладынға жем болған аққуды да ол қайта қалпына келтірмейді. Бұл екі іс өтіп кеткен, түзету мүмкіндігі жоқ оқиғалар қатарына жатады. Үшінші іс – ханның қарындасын Мығалы байдың ұлына бермек ойы әлі жүзеге аспаған, құдалық тойы өтсе де, өзі бітпеген іс еді. Хан ел алдында би сөзіне  сай іс істеп, келісім тойын жасағанына қарамастан, қарындасын әуелгі ұйғарған жеріне береді. Бидің билік сөзінің, жалпы шешендік сөздің ықпалының күштілігі, билеп-төстеуші қуаты осында. Бидің сөзінің мұншалық әсері, тауды бзып, тасты жарғандай екпіні алдына хан бұзған сөзін қайта түзеп, тайған уәдесін қайта ұстанады, сөйтіп, бидің талабына, шешендік билік сөзіне, елдің әдет-ғұрпына, салт-санасына сай іс қылуға мәжбүр болады. Ел арасына бидің сөзі ғана емес, сөзбен қатар оның ханға әсері, ханды бұзған сөзін қайта түзетіп, тайған уәдесін қайта ұстандырып, ел тәртібімен іс қылуға мәжбүр еткен иландыру, сендіру, билеп-төстеу құдіреті қатар тарағаны даусыз. Бидің сөзінің мәні туралы айтқанда, оның айтылу жағдайын, себебі мен салдарын назардан тыс қалдыруға болмайды. Өйткені билік сөздің айтылу себебі, айтылу жағдайы, ақырында, сөздің нәтижесі өзара тұтасқан, ұштасқан күйде бір бүтін құбылысқа айналады да, ел аузында осылайша бір бүтін құбылыс ретінде айтылып, бидің билік сөзінің тәрбиелік мәні онда көтерілген мәселенің әлеуметтік, оғамдық маңыздылығымен, халықтық мазмұнымен  тікелей сабақтас болып шығады. Асан бидің Жәнібек ханға арнап айтқан билік сөзі  педагогикалық толғау емес. Ондағы басты мағыналық желі құқық мәселелерінен, әсіресе, мемлекет және мемлекеттік басқару мен билеу құқығы секілді әдет заңының ірі, іргелі салаларымен байланысты дамиды. Бидің көздегені – елдің ежелден келе жатқан әдет-заңының бұзылмғаны. Бұл ретте би ел ішінде қалыптасқан заң мен тәртіптің қорғаушысы, сақшысы қызметін атқарады. Бұған қарап, билік сөзін  таза құқықтық шығарма қатарына жатқызу дұрыс болмас еді. Халықтың биік мұраты, ел, мемлекет тәуелсіздігі, ел еркіндігі секілді өмірлік маңызы жоғары, өзекті тақырыпты көтере отырып, би өзінің шешендік билік сөзінің әрбір жеке адам үшін де, барша халық үшін де тиімді, пайдалы желілерін айырықша айқындап, ғибрат етіп айтады. Би ханның  ел басқару, хандық құру ісіндегі қарапайым, тұрмыстық оқиғаларды елдің асыл мұраты тұрғысынан бағалап, оларға туған елге, халыққа, Отанға қызмет етудің үлгісін танытар үлкен мән, терең мағына береді. Бидің билік сөзі, осылайша тыңдаушыларын елдің бірлігі, мемлекеттің тәуелсіздігі адам мен қоғамның баға жетпес қымбат қазынасы екендігі туралы ойға тоқтатады. Елдің бірлігі, мемлекеттің тәуелсіздігі туралы ой би сөзінің мәні мен мазмұнын ғана  құрап қоймайды, сондай-ақ оның әлеуметтік тұрғысы мен дүниетанымын, құқықтық нысанасы мен көзқарасын да анықтайды. Осындай ұлағатты ой, әлеуметтік асыл тұрғы мен бай дүниетаным, биік құқықтық нысана мен тиянақты көзқарас ханның көзін ашып, халықтың санасын оятады, бидің билік ісіндегі биік азаматтық-құқықтық әрі саяси тақырыпты бүкілхалықтық қасиет дәрежесіне дейін көтереді. Билік сөздің бүкіл халыққа ортақ маңызы мен мәні оны сақтаушылар мен айтушылар, орындаушылар арқылы жекелеген адамдар емес, тұтас ел, халық көкейіне ұялайтындықтан, оның тәрбиелік қызметі де жалпы халықтық деңгейде жүзеге асатын болады. Сондықтан жеке адамды да, бүкіл халықты да қоғамның, елдің бірлігі мен тұтастығын туындайтын мақсатқа, мұратқа жұмылдыру, соған  тәрбиелеу – шешендік билік сөздің басты міндеттерінің бірі. Соған орай шешендік билік сөздің жүйесіндегі әрбір ірі халықтық мұрат-мүддені қорғау әрбір жеке адамның мұрат-мүддесін қорғаумен пара-пар қызмет атқарады. Демек, билер сөзі бірбүтін құбылыс ретінде сақталады және таралады. Асан бидің сөзі ретінде де осныдай тұтастық бар. Онда үш түрлі мағыналық бөлік бар десек, солардың қай-қайсысы да белгілі себеппен белгілі бір жағдайда айтылған және сол айтылған сөздің нақты нәтижесі анық көрініс тапқан. Билік сөздің айтылу жағдайына назар аударатын болсақ, ол да қат-қабат, күрделі. Бұл жерде билік сөзді айтушы және билік сөз арналған хан қарама-қарсы, бетпе-бет тұр. Бұл екеуінің алдында ел басқарған билер тобы, ал олардың сыртында бұлардың сөзін естіп, ісін көріп, бақылаушы қалың жұрт бар. Сөйтіп, бұл жерде айтушы  – тыңдаушы – көріп, бақылаушы секілді үштік тұтастық қызметі ерекше айқын. Бұл үштік тұтастықың белсенді мүшелері – айтушы мен тыңдаушы. Билік талаптарын тікелей орындаушылар да осылар. Соған қарамастан көріп, бақылаушының маңызы мен мәні еш төмендемейді. Ол көріп, бақылап қана қоймайды, сонымен бірге баға, үкім де шығара алады. Айтушы мен тыңдаушының сөзінің маңызы, айналып келгенде, оларды көріп, бақылаушы әрі баға беріп, үкім шығарушы қалың жұрттың танымына сай таразыланады. Қалың жұрт қабылдамаған, теріс деп білген сөзде де, билікте де мән жоқ. Сондықтан айыптаушы кейпінде билік сөз айтып тұрған би де, айыпталушы кейпінде бидің билік сөзін тыңдап тұрған хан да  ақырғы ақиқат бағаны беріп, ақ та ащы үкім кесуші қалың жұрттың, халықтың таным-таразысына тәуелді. Бұлардың екеуі де сол таным-таразы өлшеміне лайықты іс қылуға мәжбүр. Осы реттен келгенде, белгілі бір дәуірдегі билік сөз ел билеуші хандардың мүддесін емес, елдің, халықтың, мемлекеттің мүддесін қорғады. Бұл істе билер халықтың салт-санасына, әдет-ғұрпына ежеден сіңісіп, қалыптасқан таным жүйелерін, тәлім-тәрбие сабақтарын, әдет өлшемдері мен ережелерін өз сөздерінің басты негізі, асыл арқауы ретінде пайдаланды.

Хан өз бінің билік сөзіне көніп, айыбын мойындап, жіберген қателіктерін түзеуге бидің билік сөзінің күш-қуатын танығандықтан мәжбүр болып отыр. Бидің ханға қойған талаптарыныың бірнеше мән-мәнісі бар. Біріншіден, билік сөз жалпыға бірдей мазмұнымен ерекшеленеді. Белгілі бір жағдай аясында ханға қойылған тәртіп өлшемдерін дәл осындай жағдайға тап болған кез келген адамнан талап етуге болады. Екіншіден, бидің айтқан билігі оның атақ-дәрежесіне, өз басының басқадай қадір-қасиетіне немесе жеке пікіріне байланысты бағаланбайды, оның субъективтік ерік-қалауынан тыс, шынайы объективті  сипатымен таразыланады. Үшіншіден, би ханнан өзі орындауға, сақтауға міндетті емес тәртіп өлшемдерін талап етіп отырған жоқ. Би өзінің билік шешімдерін айтып, талап етуші ғана емес, оны қалтқысыз орындаушы да. Бұл жерде билік талабы уақытша, кездейсоқ жағдайлар мен себептерден туып отырған жоқ, оның өз талаптарының құқықтық негіздерін санасына сіңіріп, өзінің де, өзгенің де тұрмыс-тіршілігінің, күнделікті іс-әрекетінің бірден-бір адал таразысы, берік сақшысы ретінде бағалап, қабылдаған танымынан, берік нысана тұрғысынан желі тартып жатыр.

Қазақ шешендік өнерінің ірі өкілдерінің бірі Төле бидің билік сөздерінде де үлкен эстетикалық қуат бар. Төле бимен шешендік сөз жарыстыруға барған шешеннің өзі туралы да жоғары баға беруге болады. Өйткені бұл оңай сын емес. Мысалы, Төле  би  мен  Едіге  би шешкен  бір  құн дауы шешендік билік сөз үлгісінде былай баяндалады:

“Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Ошақты деген ел орта жүздегі Малай, Жәдігер деген таптан бір Құлназар дегенді өлтірген екен… Есенбай, Еспембет деген Малай, Жәдігерден шыққан екі батыр екен. Ошақгы Есекесін керек те қылмапты, құлағына да қыстырмапты, кете беріпті. Замандардан заман өткенде осы құнды жоқтап он төрт жасар күнінде Едіге би атқа мініпті. Арғыннан Едігенің соңына ерген жүз кісі болып жүріпті. Шу деген өзеннің бойына барып түсіпті…

“Намаздыгер болып қалыпты, намаз оқиық”, – деп көп ру түрегелгенде, ұлы жүздің кісілерінің ішінен ұзын бойлы, нар жонды, шекпенді, ер қара кісі түрегеліп тұрып, орта жүз кісілеріне қарап сөйлейді:

  • Алты атасын арқалап жүрген бар ма екен, жеті атасын жетелеп жүрген бар ма екен. Алмасың болса – мойным бар, асылың болса  – қойным бар.  Бүл сөзімді ойлай бер, – деп аяғын баса бергенде, Едіге:
  • Ақсақал, кішкене мойныңызды бүрыңыз, киіз кімдікі болса, білек соныкі, ауыз кімдікі болса, сөз соныкі… Жарлық өзіңізден болды, жабдық та өзіңізден… – деп қала беріпті”.

Ұлы жүз жағынан сөйлеген кісінің Төле би екенін білгенде, Едіге серіктеріне даудың біткенін, істің тынғанын айтады. Даудың қалай бітіп, істің қалай тынғанын сұрап аңтарылған серіктеріне Едіге мынаны айтқан екен:

“– Ертең таң атысымен алты атаның ұлы Арғынға алты ат бастатқан тоғыз жібереді, төрт атаның ұлы Төртуылға төрт түйе бастатқан тоғыз жіберіледі. Оны қылса, қолынан ұстап жалаңаш қыз береді. “Жарқын” деген құн осы болады, –  депті [7, 65-67].

Төле би құн даулап келгендерге өз билігін шешендік сөз үлгісінде айтқан. Биліктің әр ойы астарлы, әр сөзі бейнелі. Тиісті білімі мен білігі, танымы мен тағлымы бар кісі болмаса, қатардағы қарапайымдар оны түсіне алмайды. “»Алты атасын арқалау” – түтастай бейнелі, астарлы ұғым. Арада алты ата – алты ұрпақ – өткендей уақыт өткен соң қуған дау, даулаған қүн, ескірген дауды қуу, ескірген құнды даулау болып шығады. Әдет заңы дауды мезгілінде қуудың,  құнды кезінде даулаудың дұрыстығына ерекше назар аударады. Төле бидің сөзінде даудың ескіргені туралы ескерту бар.

Екінші жағынан, Төле би бұл жерде құн даулап келген жақтың неше ата болып өскен ру екенін мегзеп сөйлеген болуы мүмкін. Атасын арқалағанға ат беру – кісінің кісісі істейтін ірі іс. Бірнеше (алты) атаның баласын алып, бірнеше (алты) атаның атынан құн даулап келген бидің ісі атасын арқалаған кісінің ісімен белгілі бір түрғыда үндесіп жатқаны рас. Осы үндестікті негізге алып, Төле би ердің құнын даулаушы алты атаның алты тобына лайықтгы жөн-жобаны шешендік өнер үлгісіне салып, тапқырлықпен ұсынады. Төле бидің ойын емеуріннен таныған Едіге бидің сөзінде де үлкен салмақ жатыр. “Киіз кімдікі болса, білек соныкі” секілді қанатты сөзде үндескен-үйлескен сән-салтанат қана емес, терең мән бар. Одан жазықгы кім болса, айыпты көтеретін де сол дегендей әділ ескерту лебі сезіледі. “Жарлық өзіңізден болды, жабдық та өзіңізден” деген астарлы, қанатты сөз арқылы Едіге Төле бидің билік шешімін мақұлдап, ол шешімнің орындалу билігін де қарт бидің еркіне салатынын аңғартады. Екі бидің бітімге келуінде олардың шешендік өнер қағидаларына сай бейнелі, әсерлі, жүйелі және дәлелді сөйлеу машығы ерекше қызмет атқарғаны сөзсіз. Өйткені сөзге, сөздің мәніне түсіну жоқ жерде ортақ мәміле де жоқ. Ал астарлы, бейнелі, қыры мен сыры қат-қабат келіп, түрлі мағына мәнімен құбылып тұрған билік сөзді ұғу, оның басты, өзекті мәнін тану кез келген кісінің қолынан келмейді. Мұндай қалың қатпарлы билік сөзді айтқан кісі оны ұққан кісіге, таныған кісіге салғырт қарай алмайды. Мұндай сынға төтеп беріп, тіпті сол сын талабынан асық ірі қасиет танытқан Едіге биге Төле бидің құрмет көрсетіп, екі жақтың көңілінде сызат қалмастай ықылас танытуы қазақтың билігінің де, билік сөзінің де халықтық сипатын анық көрсетеді. Қазақтың әдет заңында кісінің құны 100 жылқы, түйеге шаққанда, 50 түйе. Кұнның жартысы “алты жақсы” деп аталады [77, 132]. “Алты жақсы” таңдаулы малдан іріктелгенде, құнның қалған жартысын толтыруға қандай мал да жарай береді [77, 132]. Төле би құн даулаушыларға “алты жақсы” ұсынумен шектеліп қалмайды, “Жеті атасын жетелеп жүрген бар ма екен” деген сезімен жеті түйе бастатқан тоғыз беруге даярлығын астарлап айтады. Құн даулаушылар бұған көнбейтін жағдайда, билікті солардың айтуына ықтияр екенін де аңғартады. “Алмасың болса – мойным бар” деу осыны көрсетеді. Құн даулаушылар басқа ілік іздемей, мәмілеге келер болса, қалыңсыз  беруге даярлығын және аңғартады. “Асылың болса – қойным бар” деген сөз – осының айғағы.

Бидің билігі де, билік сөзі де ел бірлігін, халық тыныштығын жоғары бағалаған биік азаматтық түрғыға негізделген.

Төле би осы бермекші болып отырған құнды құн даулаушылардың өздері тікелей талап етсе де беруі мүмкін. Би құн даулаушылардың талабын күтпей, даудың билігін астарлы сөзбен ұсынысқа бейімдеп, өзі айтады. Бидің билігі қүн даулаушыларды танымның таразысына, ұлағатты сөз бен қанатты ойдың жарысына шақырған еді. Сонымен бірге Төле бидің бұл жерде құн даулаушылардың пайым-парасатын,  кісілігін,  негізін тануды  көздегенін   де   жоққа шығаруға болмайды.  Сөйтіп, әңгіме болып отырған билік сөзде сөздің қадірін білу, істің мәнін ұғу, кісінің кісілігін тану секілді заманның мандайалды азаматтарына ғана қонатын ерекше кісілік қасиеттер ашылады. Ат бастатқан тоғыз мына құрамда     белгіленген: 1) құлынды     бие     тайымен;      2) бұзаулы    сиыр тайыншасымен;  3)  қозылы қой тоқтысымен [77, 62].

“Тоғыз” тиісті қылмыс үшін белгіленетін айып мөлшері дедік. Айыпты болу мен құныкер болу –  екі түрлі іс. Айып төлеу мен құн төлеу – бүлар да екі басқа нәрсе. Алайда құн дауы шешілген билік істе “тоғыз төлеуге” тыйым салынбайтыны Төле би мен Едіге би арасындағы құн дауының шешімінен айқын аңғарылады. Оның үстіне “тоғыздың” мөлшері мен құрамы да билік бағытына қарай өзгеріп отырған. Төле бидің қарсы жаққа беріп отырған “тоғыздары” әдет заңында белгіленген “тоғыздардан” құрамы жағынан да, мөлшері жағынан да әлдеқайда жоғары, артық. Тоғыздың құрамы мен мөлшерін бұлайша өзгерту құн даулап келген Едіге бидің мүддесіне толық сай келгенінде сөз жоқ. Төле бидің бірауыз сөзіне Едіге бидің бір ауыз сөзімен жауап қайтарып, сонымен құн дауын біржола шешіп тастауына тоғыздың құрамы мен мөлшерінің осындай өзгерісі де себепкер, негіз болуы ғажап емес.

Әңгіме арқауы болып отырған билік сөз ұрпақтан-ұрпаққа әуелде ауызша таралып, хатқа кейінірек түскен. Сондықган оңдағы “алты ат бастатқан тоғыз”,  “төрт түйе  бастатқан тоғыз”  атаулары  мен ұғымдары қазақгың әдет-ғұрып, салт-дәстүр өлшемдерімен толық үйлесіп кете қоймайтын. Әдет  заңында “тоғыз” айып мөлшері ретінде бағаланып, оның мынадай түрлері көрсетілген: 1) түйе бастатқан тоғыз; 2) ат бастатқан тоғыз; 3) өгіз бастатқан тоғыз. Аталған үш тоғыздың әрқайсысының бекітілген кұрамы мен мөлшері бар. Мысалы, түйе бастатқан тоғыздың құрамы мынадай: 1) боталы түйе тайлағымен (3 түйе); 2) құлынды бие тайымен (3 жылқы); 3) бұзаулы сиыр тайыншасымен (3 сиыр). Түйе бастатқан тоғыздың ең толық және басты түрі – осы [77, 61]. Екі бидің шешендігі мен көсемдігі, ақылдылығы мен алғырлығы даралығы мен даналығы ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген ірі қасиетке иеленеді. “Ер құны есебін тапқан сабазға екі-ақ ауыз сөз екен ғой”, – деп сондағы көзкөргендер осындай жағдайда сөйлеген [7, 67].

Билік сөз осылай табан астында айтылғанда, оның іске ұласуы бірнеше сатыдан түрады: а) алты ат бастатқан тоғыз беру; ә) төрт түйе бастатқан тоғыз беру; б) қалыңсыз қыз беру; в) құнның аяғын Төле бидің босағасына байлау; г) құнның басын Едіге бидің еліндегі Бабыр бидің босағасына байлау; д) билік шешімді елдің қабылдауы мен бағалауы.

Төле би де, Едіге би де өздерінің билік сөздерін, билік істерін қоғамда белгілі бір деңгейде қалыптасып, жекелеген тұлғалардың іс-әрекеті арқылы көрініс тапқан ең бір озық үлгі, билік өлшемдер тұрғысынан бағалайды. Билер мүмкіншілігінше билік сөздерінің де, билік істерінің де қалыптасқан қоғамдық асыл мұрат талаптарына сай келіп қана қоймай, биік дәрежеде, мазмұн-мәнімен де, түр-сипатынмен де мүлде оқшау, белгілі тектес, мәндес, өмірде бұрын болған құбылыстардан әлдеқайда асық болуын көздейді. Соның нәтижесінде олар шешендік өнерінің арқасында қоғамның тұрмыс-тіршілігі мен салт-санасында, құқықгық танымында өз үлгілерін жасауға ұмтылады. Билердің мұндай билік мұраты қоғамдағы белгілі, қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр өлшемдері мен төртіптерін, тиісті үлгілерді үнемі дамытып, жаңа сатыда көтерудің кепілі еді. Сонымен қатар олардың өздері де шешендік шеберлігі де билік жүргізу үлгілері де жаңғырып, жетіліп отырды. Билердің мұндай билік сөздері мен билік істерінің халық тарапынан жоғары бағалануы өзге билерді немесе билікке қол созған талапкерлерді әділ, адал таза билік жасауға, абыройға, ел алғысына ие болуға ұмтылуға бастаған үлкен әлеуметтік серпіліс туғызушы еді.

Төле бидің осы билігінің сипатына орай М.Ж. Көпеев: “Әділ бидің елін дау араламайды, әділ патшаның елін жау араламайды”, – деген халық билерінің бірі айтқан даналық сөзге назар аударады  [7, 66]. Бұл – бидің  шшеендік өнеріне, әділ билігіне, ол биліктің қоғамдық-әлеуметтік маңызына берілген шынайы халықтық баға. Бидің билік сөзі билік айтылған жерде қалып қоймайды, тұтас елге тарайды. Сөйтіп шешендік сөзбен өрілген билік шешімге елдің берген бағасы, оған деген қатынасы биді де, халықты да әділдікке, әділ билікке, шешендікке жетелеген үлкен әлеуметтік  күш  қызметін  атқарады.   Бұл  тұрғыдан  алғанда,   бидің  билік сөздері мен шешімдерінің тәрбиелік мәні танымдық-тағылымдық сипатымен ғана шектелмейді, сонымен қатар қоғамды әділеттілік жолына бастайтын, халық санасында ақ, адал ғұмыр кешуге, әділ іс істеу туралы биік ұғым қалыптастыратын  көркемдік-эстетикалық, саяси-әлеуметтік қызмет атқарады.

1788 жылы Барақ сұлтан бастаған топ Әбілхайырды өлтіретіні тарихтан белгілі [78]. Ханның баласы Ералы сұлтан билер сотына шағым жасап, өлген әкесінің құнын жеті қарапайым адам құны мөлшерінде төлеу туралы шешім шығарады. Әбілхайыр ханның балалары бұған тоқтамай, Барақ сұлтанның өлім жазасына кесілуін талап етеді, билер сотының шешімін қанағат тұтпай, Барақ сұлтанды өлтіруді көздейді. Бас сауғалауға, пана іздеуте мәжбүр болған Барақ сұлтан Төле бидің еліне келіп, жасаған қылмысын қайта қарап, айыбын анықтап беруді сұранады. Барақ сұлтанның сұранысы бойынша, Төле би билер сотын шақырады. Ш. Уәлиханов бұл сотқа Әйтеке бидің де қатысқаны туралы мәлімет береді [79, 88]. Билер соты Әбілхайыр ханның құнын төлеу туралы бұрынғы соттың шешімін дұрыс деп табады. Төле би сотының қорытындысын “Бір қойдан екі тері соймайды” [80, 64]  деген қанатты сөзбен түйіндейді. Билік шешімнің мәні осы сөзде жатыр. Бұл жерде де билік сөз бейнелі, астарлы мағынасымен бағалы. Белгілі бір ойды тура мағынада емес, бұрма, астарлы мағынада айту арқылы би оның өткірлігін күшейтіп, тыңдаушыға әсерін арттырып, ақыры өз шешіміне сотқа қатысушы екі жақты бірдей иландырып, көндіреді. Бидің билік сөзі бір қылмыс үшін, екі үкім, екі жаза болмайды деген ойды мегзеп жеткізіп тұр. Бұл ойды тура мағынада қара сөзбен айтуға да болар еді. Ондай жағдайда билік шешім ақылға қонғанмен, сотқа қатысушы тараптардың көңілін қозғап, мейірін, құлақ құрышын қандыра алмаған болар еді. Даулаушы екі жақтың, ел-жұрттың сезімін қозғап, ойын тербемейінше, билік сөз шешендік сөз деңгейіне көтеріле алмйды, тиімді бола алмайды. Төле бидің билік сөзінің шешендік өнер үлгісінде айтылуының себебі осы жағдаймен байланысты. “Бір қойдан екі тері соймайды” деген қанатты сөзге қарсы қояр ешқандай уәж жоқ. Бұл –  жасқа да, қартқа да тайға таңба басқаңдай анық нәрсе.

Белгілі бір құбылыс туралы бір-біріне қарама-қарсы сипаттағы екі түрлі пікірдің бірдей дұрыс болмайтыны анық. Белгілі бір пікірдің нақтылығы, дәлелділігі, айқындылығы барынша толық көрініп тұрған жағдайда оған қарама-қарсы қоятындай басқа бір пікір іздеуге қажеттілік болмай қалады. Төле би өзінің билік шешім білдірген сөзіне осындай сапа дарытқан. “Бір қойдан екі тері соймайды” деген пікірден анықтығы, айқындығы, шынайылығы жағынан асып түсетін пікір болмақ емес. Сондықган бұл пікірді теріске шығарудың мүмкін еместігіне көз жеткізген ел де, билер де қарсы айтар уәж таппайды. Бұл сөзді басқа құбылыстармен байланыссыз, өзге ұғымға қатыссыз, тура мағынасында айту айтарлықтай ұтымды бола алмайды. Ал осындай тұрмыстық сипаттағы қарапайым сөзді басқа мән, басқа мағынамен байытып, оны қара сөзден сара сөзге айналдыру бидің билік сөзіне дара сипат дарытып, иландырушы, көндіруші күш берген. Бидің билік сөзінің иландырушы, көндіруші күші, әрине, алдымен оның шешендік өнерінде, жүйелілігі мен дәлдігінде екені рас. Алайда жүйелілік пен дәлелділіктің күші мен қуаты оның әсерлілігінде, сезімді толқытатын, ойды тербеп, бойды балқытатын қасиетінде. Билік сөздің күш-қуаты, айналып келгенде, оның  шешендік өнерге тән осындай сезімді толқытатьш, оиды қозғап, бойды иітетін айырықша болмыс-бітімінде. Билік сөздің шешендік өнердің үздік үлгісі деңгейінде айтылуы оны қабылдаудың, оған иландыру мен көндірудің басты шарты болып табылады. “Бір қылмысқа екі жаза жоқ” деген билік тұжырымды шешендік өнер дәрежесіне дейін көтерген бидің ойлау жүйесі мен сөйлеу әдебі, ой қорытындылау даралығы билік сөздің, жалпы осы процестің көркемдік-танымдық мәнін барынша айқын көрсетеді.

Билер дөуірінің танымына тән басты ерекшеліктердің бірі – белгілі қалыптасқан дәстүр, салт-сана өлшемдеріне бағынудың ханға да, қараға да бірдей міндетті екендігі. Белгілі бір даулы жағдайда бір емес, бірнеше  өлшемдер жүйесі қалыптасқан қоғамда, хан үшін бір ереже, басқа жұрт  үшін  және   бір   басқа тәртіп   өлшемдері   сақталған   жерде   дау  да көбейетіні сөзсіз. Билер дәуірі әдебиетінде көрініс тапқан әдет-ғұрып, салт-сана өлшемдерінің жалпыға бірдей міндетті болуы оның көркемдік-тағылымдық мәнін өлшеусіз арттырған факторлар қатарына жатады.

Шешендік сөздер жүйесінде билік шешімнің бас-аяғы толық сақталған бір үлгісі Сырым Датұлы мен  Әлім Ақсуат  би  арасында  болған  билік сөз жарысында  сақталған. Сырым Малайсары атты бір ақылгөй ақсақалдан бата алмақ болып келгенде, Малайсары Байұлының бір кісісінің Әлім жігіттері қолынан өлім тапқанын, жоқтаушысы болмағаңдықган,  сұраусыз қалып қойғанын айтады. Осы істі бітіруді Сырымға тілек ретінде тапсыра отырып, Малайсары би ойын былай түйеді:

Ердің құнын жастың жайсаңы даулайды,

Немесе кәрінің сайтаны даулайды.

Малайсарының тілегін қабыл алған Сырым он екі ата Байүлынан он екі кісі алып, Әлімнің биі Ақсуаттың ауылына келіп түседі. Ақсуаттың үйіне түскен Сырым:

  • Би, аты-жөн сұраса отырайық, – дейді.
  • Бала, елімді сүрасаң – Әлім, жерімді сұрасаң – Бұйырғьш, атымды сұрасаң  Ақсуат. Осы елдің ортасындағы бір қазығымын: айналамнан ел кетпейді, алдымнан дау кетпейді, – деген екен Ақсуат қисайып жатып.

Сырым іле-шала былайша суырып салады:

– Би! Суатпын деп мақганбаңыз, су жаманы – суат: басынан соқпақ кетпейді; қазықпын деп мақтанбаңыз, мүлік жаманы – қазық: басынан токпақ кетпейді; бұйырғын деген шөп болады: жеген мал тоқ болады, қауқары жоқ болады, тышса боқ болады; Әлім болсаң, әліңді біл, адамның құнын бер!

Ақсуат би басын көтеріп мынаны айтады:

– Сырым балам, сырыңды енді ұқгым. Байұлының бір адамы біздің елде жазым болуы рас еді. Ердің құны мың қой, үлесе келе үй басына бір қой. Бір қойдан Әлімнің үйі кедейленіп қалмайды, жақтаушысы кездеспей жүр. Жақтаушысы болса, табылмайтын жоқ болмайды. Жорта өлтірген емес, жортуылда болған жазым ғой. Төрелігін өзіңе бердім, ағаңның құнын айта ғой.

– Мың тоқгы – бір қора қойдың жазғы төлі. Сонымен мен де Байұлын байытайын деп келгенім жоқ, ел арасына бүтінші-бітімші болайын деп келдім. Егер билікті маған берсеңіз, жортуылда болған жазым дедіңіз, құнның мөлшері жарты құн, елу қара болсын [12, 154-156].

Екі жақ осыған тоқтайды. Ақсуат би Сырымның билігіне разы болып, жолына нар бастатқан тоғыз байлайды. Сырым өлген кісінің құнын елге тапсырып,   өзінің жолына  байланған тоғыздың  басын  Малайсары  бидің

босағасына байлайды [12, 156].

Дау барысында Ақсуат би мен Сырым арасында өлген ердің құнына қатысты сөз қағысы мүлде болмайды. Өз үйінің төрінде көлденең түсіп жатып алып, келген даушыны менсінбей жатқан Ақсуат сөзінде үлкен ірілік, жуандық жатыр. Аты – Ақсуат, өзі – елдің қазығы: Айналасынан ел кетпейді, алдынан дау кетпейді. Рас. Рас болса, мұндай адамды қалай құрметтемеуге, қалай сыйламауға болады? Болмайды. Ақсуат осыны біледі және өзінің осы жағдайына сенеді. Сондықтан да маңғаз. Сондықтан да өр.

Алайда сөз тапқанға қолқа жоқ. Сырым Ақсуат бидің салмақгап, зор тұтып айтқан қадір-қасиетін, маңғаз-мәнін жоққа шығарады. Біріншіден, би Ақсуатпын деп маңғазданса, Сырымның бағалауынша, суат су жаманы екен. Себебі басынан соқпақ кетпейді. Сырымның осы сөзінен кейін бидің Ақсуатпын деп мардымсуының мәні қалмайды. Екіншіден, бидің ел ортасындағы қазықпын деуі де кадірін жояды. Өйткені қазықгың басынан тоқпақ кетпейді екен. Басынан токпақ кетпейтінін біліп қалай жақсы болсын. Сырымның бүл сөзі де орынды. Үшіншіден, бидің аузын толтырып айтып отырған Бүйырғыны “шөп болады екен, жеген мал тоқ болады екен, қауқары жоқ болады екен, тышса боқ болады екен”. Сырымның сөзіне баққанда, бидің жайлап отырған Бүйырғынында да мақтанарлық ештеңе болмай шықты.

Сырымның сөзіне қуат берген – тілдің өткірлігі мен бейнелілігі, ойдың ұшқырлығы, ойлаудың жүйелілігі мен дәлелділігі.

Сырымның осы сөзінен кейін-ақ Ақсуат би өзінің сөзден оңбай тосылғанын мойындайды. Даугердің жүйеге жүйріктілігінен, тілге ұсталығынан, ойға ұшқырлығынан мін таба алмаған Ақсуат би даудың билігін қарсыласына беруге мәжбүр болады. Халық педагогикасы, дәстүрлі

Мәдениет, әдет-ғұрып, салт-сана өлшемдеріне салғанда, бидің бұл ісінің, бұл билігінің де тәрбиелік маңызы жоғары еді. Билер сөзінде кездесетін “жөнге тоқтау, сөзге тоқтау” деген ұғымдардың осындай жағдайлардан туған болуы мүмкін.

Ақындық өнерді қуған жасқа ақындардың ақсақалының, шешендік өнер жолына түскен жасқа шешендердің ақсақалының, билік жолын тандаған жасқа билердің ақсақалының бата беруі – қазақтың әдет-ғұрпында, салт-санасында бұрыннан бар, тағылымдық мәні зор дәстүр. Малайсары бидің Сырымға бата бермес бұрын оны дауға жұмсап, сыннан өткізіп, жас талаптың шешендік таланты мен билік айту тұрғысын жете танығысы келген мақсатында да үлкен ғибрат бар. Бидің сынынан сүрінбей өтуге, сөйтіп абыройға ие болуға ұмтылған іс-әрекеті үстінде Сырым өзінің ынта-жігерін тасытып, ақыл-ойы мен шешендік талантын мейлінше жарқыратып ашуға мүмкіншілік алады. Соның нәтижесінде Сырым әділ шешім жасап, қара қылды қақ жарғандай билік сөзіне қанатты сипат беріп, ойының ажарын ашады, билігінің әсерін күшейтеді. Мұның өзі Сырымның билік өнерінің өсуіне, билік түрғысының қалыптасуына шешендік талантының ашылуына Малайсары бидің сыны үлкен ықпал еткенін анық байқатады. Осындай ықпал-әсердің нәтижесінде қалыптасып, дамыған адамдық-азаматтық, шешендік талап пен таланттың бидің болашағы үшін шешуші маңызы бар. Сонымен бірге қарт бидің жас биге бата беруінің қызметі де жоғары. Билік сөз жүйесіне қарағанда, бата беру жалаң іс-қимыл емес, ол – күрделі процесс [12, 154-156]. Талданып отырған билік сөзде оның мынадай сатылары көзге түседі: 1) батагөй дана қартқа жас бидің бата сұрап келуі; 2) батагөй дана қарттың жас биді сынау мақсатында дауға жұмсауы; 3) батагөй дана қарт сынау мақсатында тапсырған даулы істі жас бидің ойдағыдай бітіріп келуі; 4) батагөй дана қарттың тапсырылған даулы істі ойдағыдай бітіріп келщн жас биге бата беруі.

Бата сөздің жанры, мазмұн мен түрі, басқа да сыр-ипаты жағынан билік сөзге жақындығы жоғы рас. Бірақ оның тууына ілгеріде көрсетілгендей жай мен жағдай себепкер болған. Бұл арада мынаны анық көрсеткен дұрыс: а) қарт бидің даналығы, әділдігі, билік даңқы, халық алдындағы абыройы мен атағы – жас билерді одан    бата    сүрауға    ынталандырып, соған үмтылдырушы  әлеуметтік құндылық; ә) мұндай абыройы биік қарт биден бата алу – билік жолына жаңа түскен жас билер үшін бірден-бір басты рухани қажеттілік; б) абыройы асқан қарт бидің берген батасы – жас би үшін әлеуметтік бағыты мен бағдары  анық,  даруы  бар  ақ тілек  әрі демеуші,  қолдаушы  қасиеті  бар ғажайып күш. Билік сөз құрамында сақталған бата беру процесінің осы үш сатысы түглдей зор көркемдік-эстетикалық, тағылымдық маңыз бен мәнге ие болып шығады. Бұл реттен келгенде қарт би Малайсары жас би Сырым үшін үлағат таратқан ақылгөй, дана ұстаз қызметін атқарған болып шығады. Сырым да Малайсары биден шын ниетпен бата сұрап келгенде, оның ақылгөй даналығына, от ауыз, орақ тілді шешендігіне, қара қылды қақ жарған әділдігі мен адалдығына ден қойғанында сөз болмаса керек. Малайсары бидің даналығы, адалдығы, шешендігі Сырымды өзіне шақырған шам-шырақ іспетті. Сырым Малайсарының мұндай үлгі-өнегесіне, тәнті болып кана қоймай, өзі де сондай болды, өз іс-әрекетіңде сондай қасиетті ұстануды мұрат тұтады.

Сырымның түсінігі бойынша,  ол іздеген келісті билік іс пен шешендік сөздің,    олардың   негізін   түзеген өмір шындықтарын көркемдік пайымдау мен әлеуметтік бағалаудың өлшемдері Малайсары бидің бойында жинақталған. Белгілі бір атақты бидің билік ісі мен шешендік сөзі туралы осындай ұғымда болып, оның табиғатыңдағы билік және шешендік іс өнегесін билердің жас буындары өкілдерінің өз бойына дарытуды, өзінің билік жөне шешендік болмысын одан ары жетілген үстіне жетілдіре беруді көздеуі, дамыған үстіне дамыта беруді мақсат етуі — күрделі процесс. Осы процесс үстінде би мен шешеннің билеу, билік жасау тұрғысы, әлеуметтік бағдары мен бағдарламасы қалыптасады. Бидің адамдық,   кісілік   табиғаты, шшендік келбеті, іскерлік   бітімі   осындай   түрғы,   бағдар   мен бағдарлама негізінде дамиды. Билер сөзінің көркемдік, тағылымдық мәні мен маңызы, қоғамдық әлеуметтік бағалылығы осында жатыр.

Қазақтың белгілі үш биі – Төле би, Әйтеке би, қаз дауысты  Қазыбек би – ел ішіндегі бір дауға байланысты бас қосып қалады. Дауласушылар – Төле би мен Қазыбек би. Билік айтушы – Әйтеке би. Даудың сипаты былай екен: Төле би ауылының жесірін Қазыбек би ауылының кісісі алып қашады. Төле би ауылының кісілері Қазыбек би ауылының малын барымталап алады. Би ауылына келгенде, Қазыбек би Төле биге:

Аға болып алдымен туасың,

Алдымнан жылқымды неге қуасың? –

дейді. Төле би Қазыбек бидің мұнысына мынадай қарсы дау айтады:

Артымнан ерген еркемсің,

Ағаңның көзі тірісінде

Жеңгеңді неге ертесің?

Дауды тыңдап, істің мән-жайына қанған Әйтеке би әрқайсысы өзін дұрыс көріп, бір-біріне ашу шақырып тұрған екі биге басу айта отырып, билік шешімін шығарады:

Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң, арқырар.

Ақыл деген – дария,

Алдын тоссаң, тоқырар.

Кісі бірге туыспау

Туысқан соң, сөз қуыспау керек.

Сөз қуған пәлеге жолығады,

Жол қуған олжаға жолығады.

Төле, сен жылқыны қайыр.

Қазыбек, сен жесірін қайыр! [8, 48-50].

Қазақтың  әдет-ғұрпы бойынша, біреудің әйелін алып қашқан кісі әйелді қайтарып,  үш тоғыз  айып төлейтін  болған [77, 83]. Әйтеке  би дауласушы  екі  жақтың ісін басқаша бағалап, басқа өлшемдерге сүйенеді. Өйткені дауласушылардың дауы ілгеріде көрсетілген ереже талаптарының аясынан шығып, айып сипаты да өзгеріп, қоюлана түскен еді. Қашып кеткен жесір дауын әдет заңына сай шешудің орнына, намысқа шауып, ашуға бой алдырған ауыл жігіттері жесірді алып қашқан жақтың жылқысын барымталайды. Қалыптасқан әдет заңы бойынша жесір алып қашу қандай айыпты іс болса, оған қарсы барымта жасау да жетісіп тұрған жоқ. Сөйтіп екі жақ та айыпты болып шыққан. Осы жайды сараптан өткізген би ел ішінің тыныштығы, ел арасының татулығы мен бірлігін, ынтымағын жоғары бағалап, дауды осы түрғыдан шешеді. Би шешімін құрғақ сөз, жадағай ойға айналдырмай, ойы мен сөзіне көрікті түр, көрнекті мән дарытады, бүкіл ел, тұтас халық қадір тұтқан ілгерінді пікірді даулы істің сипатына сай жаңа пішінге орап түйеді.

Дауласып отырған екі бидің де бір-біріне тағып отырған айыбы орынды. Ел тыныштығын, халық бірлігін ойлаған жан біреудің жесірін алып қашпаған болар еді, жесірін алып қашқан елдің жылқысын барымталап алмаған болар еді. Бірақ ел ішінің тентектері тентектіктерін елдің билерінің келісімінсіз жасайды да, қазы алдында соларды жауап беруге мәжбүр етеді. Екі бидің сөзінен осындай жағдай аңғарылады. Ақиқатына келгенде, дауласушы екі жақгың бірі жәбірлеуші, бірі жәбірленуші болып тұрған жоқ. Олардың әрқайсысы – жәбірлеуші әрі жәбірленуші. Басқаша айтқанда, бұл екі жақгың екеуі де айыпсыз бола алмайды, екеуі де айыпты. Сол себепті Әйтеке би дауласушылардың бір-бірінен алғанын кері қайтару туралы билік шығарады, ешкімге айып тартқызбайды.

Билік сөздің мазмұны мен құрылым жүйесі оған негіз болған даудың мәнісімен, желісімен байланысты. Дау мәнісі толысып, дау желісі ұзара түскен жағдайда оның негізінде туған билік сөздің құрылым жүйесі мен мазмұны да күрделене түседі. Оның бір мысалын М.Ж. Көпеевтің Едіге би туралы ел аузындағы аңыз ізімен жазып қалдырған билік сөз үлгісінен табуға болады. Даудың басы мен бастауын М.Ж. Көпеев былайша көрсетеді: “Күлік Шобалай баласы Жаңабатыр бидің бес көкала бас атаны жоғалыпты. Айдаболдан шыққан Олжабай батыр Жаңабатырдан қолқа қылып сұрапты: Осы бес көкала бас атанды “Қонақ тандап қонады, ұры басынып ұрлайды” деген, кім ұрласа да басынып ұрлады. Мен жоқшы болайын, шығарып келейін,– деп ұлықсат беріпті. Олжабайдың ізлдегені бүліншілік қой, аттанып шыққан соң жай келер ме, қаракесек Қарсынкернейден “Олжабайлап” тиіп, жылқы алып келіпті. Қарсынкерней қай “құдай” деген ел, ол түп көтеріле аттанып келіп, Қуандық, Сүйіндіктің кез-келген жерінен жылқы алып, үсті-үстіне барымта жасапты, улығып-шулығып, ел елдіктен кетуге бет беріп бара жатқан соң, Қуандық, Сүйіндік, Қаракесек болып бітім-тыным сөйлесу үшін Қарсынкерней ортасында, Жарылғап үстінде бас қосылсын деп бата байласып (ты)” [7, 71].

Даушылар   Жарылғап   бидің   үйінде   бас   қосып,   бірнеше   күн   сөз жарыстырғанымен, іс бітпейді. Билік тізгінін ұстаған Қаржас Айту шешенге Жарылғап ұстатпайды. Бірнеше күн өткенде, даушылардың алдында төрт жолаушы ат үстінде көлденең келіп тұра калады. Жұрт назары жолаушыларға ауғанда, олардың біреуі былай деп заулай жөнеледі:

Асқар тау, сенде бір мін бар –

Асуыңды бермейсің.

Аққан су, сенде бір мін бар –

Кешуіңді бермейсің.

Едіге, сенде бір мін бар –

Көпке тізгін неге бермейсің.

Жарылғап, сенде бір мін бар –

Көлденең неге бермейсіңі [7, 71-72].

Мұны айтқан Алшын Әйтеке бидің баласы Өмірбай деген шешен екен. Өмірбайдың осы шешеңдік сөзі Едіге би бастаған даугерлер тобына да, Жарылғап би бастаған қарсы жақгың тобына да қатты әсер етіп, олардың ашу мен намысты ақылға жеңдіруіне, байлаусыз, бәтуасыз жел сөзді қойып, жөн сөзге тоқтауына себепкер болады. Өмірбайдың сөзі еттерінен өтіп, сүйектеріне жеткендей болған екі би беттерінен қайтып, бірі – Едіге – көпке тізгін береді, екіншісі – Жарылғап – көлденең береді. Сонда көп  Қарсынкернейде бір арам сирақ бар десіпті, соны алдырып көру керек десіпті. Көптің дегені болып, әлгі қара сирақ дауласушы жұрттың алдына алдырылады. Көптің айтқан “арам сирағы” өзі сары әрі кәрі атан түйе болып шығады. Сонда Едіге би: “Мұның жүнін бояп, сары қылған ғой, тісін егеп, кәрі қылған ғой”, – деп қалыпты. Отырған жұрт бидің сөзін әділ көріп, шулап қоя береді. Екі жақ арасындағы дау осы сөзбен біткен екен.

Дау осымен біткенмен, сөз мұнымен бітпей, одан ары жалғасады. Дауға бітім болған әлгі сөзді айтқан Едіге би оңашаланған бір тұста қасындағыларға былай дейді: “Енді мен көпке бармаймын, өмірімде бір ауыз өтірік айтқан емес едім, мына ақсақал осы көптің алдында құры қайтса, тауы шағылып, ажары мұқап қалады ғой деп айтып едім” [7, 72].

Сөздің соңғы бөлігі Едігенің осы сапарда қайтыс болуы туралы. Оның мәнісі мынадай: Едіге түзде жүргенде түз тамағын аузына салмай, үйінен алып шыққан азығын тамақ қылады екен. Осы жолы дау ұзаққа созылғандықган,    бидің    үйден    алып    шыққан    азығы    таусылады да, қасындағылардан сұрастырады. Сонда Олжабай өзінде үй тамағы бар деп жалған сөйлеп, түз тамағын береді. Едіге асты пісіріп, аузына салғанда, ас тамағынан өтпей, тұрып қалады. Осыдан дертті болған Едіге үйіне келісімен дүние салған екен [7, 71-72].

Билік сөз құрамы жағынан да, бейнелілігі жағынан да аса күрделі. Адамның жан шындығы, психологиялық бейнесі де анық көрініс тапқан. Бетіне бүкіл ел қараған әділ билер дау үстіне ешқашан жалған сөйлеп, жалған айғаққа сүйенбеген, өздері де айғақ болмаған. Жарылғап бидің көлденең жол беруі нәтижесінде дауласушылардың алдына алдырылған “өзі кәрі, өзі сары” атан түйе, расында да барымтадан не ұүрлықтан түскен мал болғанмен, Жаңабатыр бидің қолды болған көкала бас атаны емесі анық. Созылып, бітпей қойған дау барысында дауласушы билердің бірінің “көпке тізгін беруі”, екіншісінің көптің дегеніне тоқтап “көлденең беруі” – даудың бітуіне алып келетін бірден-бір жол және билік іс жүйесіндегі соңғы акт. Одан әрі дау жалғаспайды. Осындай жағдайда дауласушылардың алдына түбі күмәнді мал ретінде алдырылған атанның “көкала бас бесті атан” болмай, “сары әрі кәрі атан” болып шығуы дау қуып келген топты тоқыратып, бостан-бос қайтуына мәжбүр еткендей еді. Олай болған жағдайда мал даулап келген игі жақсылар да, мал иесі, ел үлкені Жаңабатыр би де ауылдарына құр қол қайтпақ. Малын ұрлатқаны рас, малын алдырғаны рас, бірақ билердің дауы барысыңда бұлар қарсы жақтың айыбын мойындата алмайды. Осындай жағдайда Едіге биді ел ақсақалы Жаңабатыр бидің құр қол қайтардай болуы қатты ширықтырады әрі күйіндіреді. Едіге би: “Мұның жүнін бояп, сары қылған ғой, тісін егеп, көрі қылған ғой”, – деген айғақ сөзін осындай психологиялық күйде айтады.

Жаңабатыр бидің даудан құр қол қайтуы ол үшін, өлмесе де, өлгенмен бірдей еді. Жалған айғақ болу, жан бермесе де, жан бергенмен бірдей еді. Осының бәрін біле тұра, Едіге би әлгіндей жалған айғақ болуға барады. Осылайша, Едіге би алдындағы үлкені, ел ақсақалы Жаңабатыр бидің тауы шағылмасын, “ажары мұқамасын” деген оймен қиын іске бет бұрады. Белгілі айғақты қолдап, оны шындыққа тән ету елдің әдет заңыңда [77, 116] жан беру арқылы жүзеге асырылған. Едіге би ілгерідегі сөзімен бар жауапкершілікті өз мойнына алып, жан бергенге пара-пар іс қылған еді. Елдің ағасына, елдің ақсақалына, елдің алақанға салып құрметтеген әділ де асыл қарт биіне мұншалық құрмет көрсету, соның тауы шағылмауы, ажары мұқалмауы үшін жанын беруге дейін баруға кісінің кісісінің, бидің биінің, шешеннің шешенінің ғана батылы жетеді. Жоқ, кісінің кісісіне де, бидің биіне де, шешеннің шешеніне де жан керек. Елдің кез-келген ақсақалының тауы шағылмауы, ажары мұқамауы үшін елдің кез-келген биі жанын қыймауға тиіс. Өткені ел үшін оның өмірі мен өнегесі, сөзі мен ісі ел ақсақалының тауы шағылмауынан да, ажары мұқамауынан да әлдеқайда бағалы.   Соған  қарамастан  Едіге  өзінің жанынан  ел  ақсақалы Жаңабатыр бидің тауы шағылмауын артық көреді. Кісіні мұндай іске бір сәттік көңіл күй, шектен асқан әсершілдік немесе шектен асқан намысқойлық сезімі бастай алмайды. Мұндай істің түп негізінде шексіз құрмет пен шексіз сүйіспеншілік, өзге кісінің абыройы мен ажарын өз жанынан артық қүрметі тұтқандай айрықша адал бітім, айрықша асыл қасиет болуы шарт. Едіге бидің бойында осы қадір-қасиеттің бәрі де болған. Осы қадір-қасиеттің бәрі үшін ол Жаңабатыр бидің тәрбиесіне, үлгі-өнегесіне қарыздар болуы ғажап емес. Елдің қадірменді ақсақалы, алақанына салып аялаған асыл биінің “тауы шағылмауы”, “ажары мұқамауы” үшін жан беруге дейін бару сол ақсақалдың, сол асыл бидің жеке басының, билік ісі мен сөзінің бүкіл елге, Едіге бидің жеке басына түсірген жарық сәулесінің молдығымен, ерекше мән-мағынасымен байланысты болса керек. Халықтың дәстүрлі дүниетанымына сәйкес, білікті кісі малын жанының садағасына балайды, жанын арының садағасына балайды. Едіге би алдына шығарып, алақанына салып алып келген Жаңабатыр бидің абыройын өзінің, өзінің елінің арына балағандай іс қылады. Бұл Жаңабатыр бидің өмірі мен ісінін ғибраттылығынан, тәрбиелік-тәлімдік мәнінің байлығынан туған мәрттік іс еді. Сөйтіп, Едіге би өзінің аддындағы билердің билік ісі мен билік сөзіне сай билік іс қылып, билік сөз айтты да, сол билік ісі мен билік сөзінің өз еркімен мойнына алған ауыр салмағынан мерт болды.

Мал дауының барысы мен бітімі, көбінесе, даугер бидің майталман шешендігіне тікелей тәуелді. Даугер бидің тапқырлығы мен шешендігі, білімділігі мен біліктілігі төмен болған жерде, оның дауы қанша орынды болғанмен, қарсы жақ есе бере қоймайды. Ал даугер бидің сөзі мен ойы, дәлелі мен дәйегі өзара тұтасып, асу бермес асқарға айналған жағдайда, қарсы жақтың өзі де, сөзі де салмағын жоғалтып, арзандай береді. Мұндай жағдайда даугер ешкінің құнын нардың пұлына дейін көтерген. Оның мысалын Нау бидің билік сөзінен аңғаруға болады.

“Нау дейтін бидің бір ешкісі жоғалады. Едәуір уақыттан соң ешкіні ұрлап, сойып  алған  ұры  табылып,  дау басталады.  Ұры  Нау  биге  бір  ешкінің төлеміне екі ешкі беруге даярлығын білдіргенде, би бұған көнбей, хан биіне жүгінеді. Хан биі алдында Нау би ұрланған ешкісі туралы мынаны айтады:

Ешкімнің іші толған лақ еді,

Саусаң сүті бұлақ еді.

Қап-қап құрты бар еді,

Қарын-қарын майы бар еді.

Сойсам, терісі бұтыма қап еді,

Мүйізі пышағыма сап еді.

Қатыным қандай көретін еді –

Айыр емес, нардай көретін еді…

Хан биі сонда Науға:

– Ешкіңнің мақтауын жеткіздің, енді төлеуін айт! – дейді. Даудың төрелігі өзіне тиген Нау би билік сөзін бьшайша кестелеп айтқан екен:

Төлеуіне төрт ешкі,

Айыбына алты ешкі.

Мойнына – қосақ,

Артына – тіркеу

Өзімен он үш ешкі,

Би ақысы – бір ат [12, 125].

Биліктің сипатына келсек, ол әдет-ғұрып, салт-дәстүр өлшемдеріне негізделген. Әдет заңы бойынша, ұрланған бір қой үшін ұры, егер ол алғаш рет ұрлық жасап тұрған болса, а) оның құнын төлейді; ә) мойнына қосақ, артына тіркеу  байлайды [77, 116-117]. Нау би  халықтың дәстүрлі дүниетанымына сүйене отырып, өзгеше, өзінше билік шығарған. Біріншіден, бір ешкінің төлеуіне төрт ешісі кеседі. Басына – бас, тұяғына тұяқ төлеудің реті келмейді. Өйткені Нау бидің жоғалған ешкісінің 1) іші толған лақ, 2) сауса, сүті – бұлақ, 3) қап-қап құрты бар, 4) қарын-қарын майы бар. Оның үстіне сойса, 5) терісі бұтына қап еді, 6) мүйізі пышағына сап еді.  Наудың осы айтып отырғаны – түгел шындық.  Нау сөзінің біреуін де жоққа шығаруға болмайды. Наудың дауы орынды, даудың  айтылу реті, тілдік айшықгары да келісті. Дауға төрелік етіп отырған хан биі Наудың жоғалған ешкісінің қадір-қасиетін баяндауы мен бағалауына, сөзіне шын разы болады. Нау би өзінің дауын бидің сезімін толқытып, ойын қозғайтын, тіпті оның құлақ құрышын,  мейірін қандыратын сөз дәрежесіне көтеріп айтқан. Даугердің ойы мен сөзіне, тапқырлығы мен шешендігіне көңілі толып, мейірі қанған хан биі билік шешімін Нау бидің өзіне айтқызғанда, оның қандай билік кескенде де осы дау деңгейінен төмендемейтінін ішпен біліп отырғанында сөз болмаса керек. Сондықганда ол Нау бидің билік шешімін бекітеді: ұрланған ешкінің 1) төлеуі – төрт ешкі, 2) айыбы – алты ешкі, 3) мойнына – қосақ, 4) артына – тіркеу. Барлығы он үш ешкі. Мұның үстіне би ақысына – бір ат.

Хан биі Наудың билігімен толық келіседі. Осылайша, ұры өзі ұрлаған бір ешкі үшін он үш ешкі, бір ат төлеуге мәжбүр болады. Мұның ішінде ұрланған малдың төлемі мен өсімі де бар, айып пен би ақысы да бар. Әйтсе де мал дауы тарихында бұл жеке-дара, ілуде бір ғана кездесетін сирек, ерекше билік болып табылады. Ал осы ерекше, жеке-дара билік шешімнің ешқаңдай қарсы дау туғызбай, мейлінше әділ, әділетті іс ретінде танылуы мен қабылдануы Нау бидің шешендік өнерінің асықтылығында жатыр. Ұрланған ешкісінің қадір-қасиетін, нарқы мен парқын, саны мен сапасын ойды оятып, сезімді сергітіп толғаған Нау бидің шешендігінде шек жоқ. Хан биінің көңілін жібітіп, құлақ құрышын қандырған шешендік сөздің көркемдік кестесі мен ой кестесі жұртты осындай билік шешімге тоқтатады.

Билік сөзде билік шешімнің қабылдану процесі едәуір анық, айқын көрініс тапқан. Даудың жалпы сипаты, даугер мен айыпкердің бір-біріне қоятын талабы, бұл талапқа олардың әрқайсысының қатынасы билік сөздің мазмұнында толық сақталған. Мұның өзі билік сөздің көркемдік-тағылымдық қызметінің неғұрлым тиянақгы, терең бағдар алуына ықпал еткен. Даугердің сөзінің биге, оның айналасына әсері, даугердің сөзін бидің, оның айналасының ықылас коя тыңдап, оған разы болып, көңілі толуы, соған орай тиісті шешім шығаруы… – осының бәрі белгілі бір сөтте белгілі бір процесс күйінде өткенмен, үлкен қоғамдық-әлеуметтік ықпал мен әөсерге ие. Даугердің   өз   құқығын   қорғауда   көрсеткен   шешендік   өнері,   ойының   ұтқырлығы мен өткірлігі дау қуған даугерге өз құқығын қорғаудың теңдессіз үлгісіне айналған. Бидің билік шешімінің әлеуметті сипаты туралы да осыны айтуға болады. Сөйтіп, билік сөздің құрамдас бөліктері өзара тұтаса келіп, ел ішіңде би мен билік іс, әділ би мен әділетті билік туралы ұғым мен түсінікті өлшеусіз жоғары көтереді. Өз кезегіңде мұндай ұғым мен түсініктің өзі үлкен тәрбиелік мәнге, қоғамдық-өзгертушілік күшке ие болады. Мұндай билік сөзді ұғып, түсіну кісінің рухани әлеміне түгел әсер етеді: а) сезімді толқытады; э) ақыл-ойды қозғайды; б) толқыған сезім мен қозғалған ақыл-ойдың қорып бекіген тұтастығынан құлшыныс, ерік-жігер туады; в) мүңдай құлшыныс, ерік-жігер белгілі тәртіп өлшемдерін жаңғыртып, мінсіз шешендік сөз бен билік іске бастайды.

Билер сөзіиде аңшылық кәсіпке байланысты қаралған даулардың сілемі сақталған. Сондай сөздердің бірінде екі аңшының бір түлкіге таласқан дауы туралы сөз болады. Би дауласушылардың сөзін тыңдап болып, мынаған көз жеткізеді. Бірінші аңшы жортқан түлкінің ізіне түсіп келе жатады. Екінші аңшы түлкінің ініне кез болып, оған кірген із бар, шыққан із жоқ екенін көреді де, інге ие болып, түлкіні алмаққа қам жасайды. Сол кезде ін басына түлкінің ізіне түскен аңшы да келіп жетеді. Екі аңшының інде жатқан түлкіге таласқан дауы осылай басталады.

Қазақтың бір биі екі аңшының бір түлкіге таласкан дауын мүқият тыңдап, мынадай билік сөзін айтқан екен:

Түлкінің ізі түзде,

Өзі інде

Бірің із бақтың,

Бірің ін бақтың.

Інге түтін сал,

Түзге түзақ қүр.

Інде қалса, ін баққан ие,

Түзге қашса, із баққан ие [9, 43].

Билік сөз шешендік өнер үлгісі түрінде айтылғанмен, оның көркемдік-эстетикалық дәрежесінің бағасы түрлі факторларға тәуелді. Ырғақ пен ұйқас ойдың жүйесіне белгілі бір ажар беріп тұрғаны рас. Әйтсе де билік сөздің негізгі қадір-қасиеті оны жеткізудің көркемдеу, бейнелеу құралдарында емес, ондағы ойдың мәнісінде, сол ойдың мәні мен мағынасының жүйелілігінде, қисындылығында. Шешендік өнердің көркемдеу, бейнелеу құралдары билік сөзде түйінделген шешімді иә кесімді ойдың мәнісіне, мәні мен мағынасының жүйелілігіне, қисындылығына қосымша күш беріп, әсерлі күй дарытқан. Билік шешімнің дәлелділігіне, ақиқат сипатына, туралығына дауласушыларды бұлтартпай илаңдыруға мұндай қосымша күш, әсерлі күй дарытушы факторлардың атқаратын қызметі жоғары. Талданып отырған билік сөзге негіз болған дауға ұқсас бір дауға Төле би билік айтқанының билер сөзін жинап, зерттеп жүрген белгілі ғалым Н. Төреқүловтың дерегі аңғартады. Інге келіп кірген түлкіге таласқан екі дауласушының бірі түлкіні қырдан қуып келіп індеткенін, сондықган түлкі өзіне тиесілі екенін айтады. Екіншісі түлкіні сыртынан жүні жетілсін деп бағып жүргенін, оның үстіне жер де, ін де өзіне тиесілі екенін, сондықтан інде жатқан түлкі де өзінікі болатынын айтады. Сонда Төле би:

“– Түлкі арлан болса, сенікі, – дейді “қырдан қуып келіп індеттім” деген жігітке. – Ұрғашы болса, сенікі, – дейді “жер менікі” деген жігітке” [7, 44].

Төленің қысқа билігінің мәнісін оның әкесі Әлібек би дауласушыларға былай түсіндіреді:

“– Түлкінің ұланы түз сақтайды, ұрғашысы ін сақтайды. Түлкі еркек болса, сенікі, сенің қырдан қуып келіп індеткенің рас, ал ұрғашы болса, жер иесі, саған тиеді” [7, 45].

Түлкіге таласқан екі аңшының дауына байланысты айтылған екі билік сөздің тууына белгілі бір ұқсас, ыңғайлас өмір қүбылыстары себеп болған. Билік   сөздер   осы   құбылыстардың   ең   басты   деген   қырын,   маңызын жинақтап көрсетеді. Бұл жерде бидің шығармашылық ойлау жүйесінің тегеурінділігімен қатар шешендік шеберлігі, табан астында тауып айтқан тапқырлығы көзге түсіп тұр. Билік сөздің айтылуына, тууына негіз болған даулы құбылыстың сыр-сипатын тану мен танытудың өзі бидің шығармашылық ойлауы мен шешендік толғауының нәтижесінде мүмкін болып отыр. Ал шығармашылық ойлау мен шешендік толғау бидің кәсіп, жалпы қоршаған орта тұрмыс-тіршілік  туралы ұғым-түсінігінің     байлығымен, танымының  тереңдігімен тікелей байланысты. Соған орай дауласушылар бидің әділетті билігі мен әділ сөзіне көніп, иланып қана қоймайды, сол әділ билік пен аталы сөздің ақыл мен сезімге бірдей жағымды мәні мен мәнісінен ғибрат табады, білімін арттырып, түсінігін байытады.

Екі жағдайда да дауласушылардың бірі тарапынан екіншісіне қатысты зорлық-зомбылық немесе басқадай бір құқық бұзушылық болмаған. Екі аңшы бір түлкінің үстінде түйісіп, өзара  түлкіге таласқандай жағдай туғанда, олар бір-біріне өктемдік жүргізбей, әрқайсысы өзі билік етпей, әділ билікті екеуіне де қалыс әділ биден сұрайды. Билік сөздің бастамасында көрініс  тапқан осы жағдайдың өзінің де жұрт үшін үлкен тағылымдық мәні бар.

Билер шешімінің бірқатары кей тұстарда бір емес, өзара сабақтас бірнеше құбылыстардың сатылы байланысы жүйесінде түйінделеді. Мысалы, Төле би бір билігінде қанжыға ұрлаған ұрыға ат-шапан айып кеседі. Оның мәнісін би: “қанжыға тон сақтайды, тон жан сақтайды” [7, 46],- деп  мақал мақамына салып тұжырады. Бұл жерде қанжығаның бағасы туралы емес, оның пайдасы жайында сөз болып, басты назар соған аударылған. Қанжығаның пайдасын көрсетіп қоймай, бидің ойы қанжыға сақтайтын тонның пайдасына ауысып, қанжыға ұрлаған ұрының айыбы да соған сай кесіледі. Қанжығаның тон сақтайтыны рас, тонның жан сақтайтыны да шын. Бұл жүйеге, бидің ойы мен ойлауының осы желісіне иланбаққа шара жоқ. Өйткені онда көзге көрсетіп, қолға ұстатқандай нақты да затты шындық жатыр. Ал бұл шындыққа көз жеткізіп, оны көңілге ұялатқан соң, қанжыға ұрлау тон ұрлаумен шектеседі, тон ұрлау жанға қысастық жасаумен пара-пар қылмыс болып көрінеді. Сөйтіп “қанжыға тон сақтайды, тон жан сақтайды” деген шешендік билік сөз ұрының қылмысын ауырлататын айыптау қорытындысына айналған.

Бидің шідер ұрлаған ұрыға шығарған билігі де, жалпы сипаты, мазмұны, логикалық жүйесі жағынан, осындай. Би шідері ұрланған және шідер ұрлаған екі кісінің дауын тыңдап, жұрт көзінше алдына үш ат алдырып, ұрланған шідерімен үш аттың әрқайсысының артқы аяқтарын бір-бірден шідерлетеді. Содан кейін би қызметшілеріне үш атты үш жаққа айдап қамшылауға бұйырады. Бұйрық орындалар алдында би үш ат үш жаққа тартқанда шідер үзіліп кетер болса, ұрыға ешқандай айып кесілмейтінін ескертеді. Қамшы жонына батқан үш ат үш жаққа тартып, қанша ышқынғанымен, шідерді үзіп кете алмайды. Сонда би дауласушыларға бұрылып: “Бұл шідер емес, үш ер!” – деп, шідерді оның заттық құнынан қарай емес, беріктігіне, үш ердің күшіне пара-пар мықтылығы дәрежесіне қарай бағалайды да, ұрыға үш бесті ат айып кеседі. Би мұнымен шектелмей, мынадай билік сөзін айтады: “Шідер – қос, арқан – дос, тұсау – бос” [77, 120-122]. Би бұл жерде бір ұғымды екінші бір ұғымға ауыстыра отырып, ойы мен сөзінің ұтымды, бейнелі де бедерлі болып шығуын қамтамасыз еткен. “Шідер – қос” деу арқылы би шідерленген аттың қоста тұрғандай жақын, сенімді жерде болатынына мегзейді. “Арқан – дос” деуі де осыған жақын ұғымды аңғартады. “Тұсау – бос” деу аты тұсап жіберудің бос жіберумен бірдей екендігіне нұсқайды. Соған орай   би тұсаулы атты ұрлаған ұрыға ешқандай айып салынбайтындығы туралы билік шешімін шығарады” [77, 122].

Билік сөздің құқықтық негізін нығайтып, әсер ету қуатын күшейту мақсатында би шешендік өнердің көркемдік бейнелеу құралдарын, әсіресе, ауыстыру (метафора) тәсілін өте орынды әрі оңтайлы пайдаланған. Сол себепті билік шешімнің бұлтартпас дәлелдігі мен ұрыға – тыйым, ұрлыққа  тоқтау салуды көздеген мақсаттылығы ел-жұрттың қызу қолдауына ие болады. Билік сөздің көркемдігі, бейнелілігі билік шешімнің мәнін айшықтап, оның ойға қонымды, ұғымға жеңіл және эстетикалық әсерінің баянды болып шығуын қамтамасыз еткен. Ой мен сөздің, дәлелділік пен бейнеліліктің, нақтылық пен суреттіліктің келісімі мен үйлесімі, айналып келгенде, бидің билік сөзінің көркемдік-тағылымдық мәнін, сендіру қуатын айтарлықтай күшейте түскен. Бұл жерде биліктің екі құрамдас бөлігі – билік шешім және билік сөз – өзара тұтасып, өзара бір-біріне ұласып жатқан екі түрлі қызмет, екі түрлі мазмұнмен ерекшеленеді. Билік іс нақты да затты іс-әрекет болса, билік сөз осы нақты да затты іс-әрекеттің ішкі мәні мен мәнісін, құрылым жүйесін оның басқа құбылыстармен өзара байланысы, қозғалысы күйінде ашады. Билік сөз нақты да затты билік істің мәні мен мәнісін, құрылым жүйесін, оның басқа шектес құбылыстармен өзара байланысы, қозғалысы күйінде ашып қана қоймай, оны образға айналдырып, белгілі уақыт және кеңістік жүйесінде сақталуын және қоғамдық-әлеуметтік ықпалының үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Сол себепті шешендік сөздер жүйесінде билік сөз заманның, кейінгі ұрпақтың нақты іс-әрекетін, ойы мен ойлауын реттеуші, жүйелеуші маңызды рухани факторға, үлгі-өнеге өлшеміне тағылымдық нысанаға айналады. Шешендік сөздегі билік шешімнің мәнісі көркемдік шешім деңгейінде ашылады. Оның көркемдік-тағылымдық қуатының мәдени-әлеуметтік маңызы осында.

Ақмарал ЛЕУБАЕВА,

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ғылыми қызметкері.

Шымкент қаласы.